«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-
интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген
«Денсаулық адам өмірінің негізі - дұрыс тамақтану» тақырыбында өтілген іс -шара
анықтамасы
Жетісай каласы
Өтілген мерзімі: 08.04.2024ж. сағ:16 00
Өтілген орны: мәжіліс залы
Қатысқандар: 7-11 сынып оқушылары
1. «Жетісай ауданының «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А. Нұрмағанбетов
2.«Жетісай ауданының «Дарын» мектеп- интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педиатр дәрігері Тажен Гулназ Абдірқызы.
3.«Жетісай ауданының «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мейірбикесі: Шериева Гульзат Турдыбаевна.
4 Әлеуметтік педагог: Байбосынова Лаззат Абдіманапқызы
5. Педагог психолог: Рахимова Бибігүл Сапарқызы.
Іс-шараны мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрмағанбетов Нұрлыбек ағай сөз сөйлеп, жиналысымызды ашық деп жариялап, қатысушылармен таныстырды.
Оқушылармен өтілген іс-шарада «Денсаулық адам өмірінің негізі - дұрыс тамақтану» тақырыбында дәріс оқылды.
Дәрістің мақсаты: Жас ұрпаққа дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салты жөнінде ұғымдарын кеңейту.
Оқушылардың шымыр, шапшаң, ұқыпты, жинақы болуына, әдемі де сымбатты болуға тәрбиелеу.
Сонымен қатар Нұрмағанбетов Нұрлыбек ағай биолог маман ретінде өсіп келе жатқан организмдердегі энергия және зат алмасуының ерекшеліктері болатынын, балалар организмі үнемі өсіп, даму үстінде болатындықтан олардың зат алмасу про-цестері елеулі өзгерістерге ұшырап отыратынын айтып өтті. Дұрыс тамақтану адамның қалыпты тіршілік қызметі мен дамуы үшін қажет. Сапасыз немесе жеткіліксіз тамақтану организмнің тіршілік қызметін бұзуы мүмкін, өсудің кешеуілдеуі, жұмысқа қабілеттілігінің нашарлау түрлі ауруларға деген қарсылығының кемуі, қоршаған ортаның зиянды әсерлері алдындағы ағзаның төзімділігінің төмендеуі екенін айтты. Денсаулықты сақтау үшін қажетті нәрселер: қоршаған ортаны таза ұстау, белсенді қозғалыста болу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, рухын таза сақтау, адам өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау.
«Жетісай ауданының «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педиатр дәрігері Тажен Гулназ Дұрыс тамақтану – адамның қалыпты өсуі мен дамуы, денсаулықты сақтау мен нығайтуы үшін тамақ құрамы мен сапасының дұрыс болуы. Дұрыс тамақтанудың мақсаты көптеген аурудың алдын алуында екендігін және тамақтанудың маңыздылығын толық түсіндірді. Зиянды тағамдар мен сусындар, зиянды әдеттерден аулақ болу, тамақтану кезінде күн тәртібін сақтау, тиімді тамақтану, денсаулықты шынықтырып жүру керектігін айтты. Қандай тағамдар денсаулыққа зиянды? Кондитерлік өнімдердің құрамында көп мөлшерде қант, түрлі бояулар, химиялық қоспалар болады. Бұл өнімдерді күнделікті өмірде жиі тұтыну салдарынан қан құрамындағы зиянды холестерин мөлшері көбеюі және семіздіктің алғашқы белгілеріне душар болуы мүмкін. Газдалған сусындар қант, әртүрлі денсаулыққа зиянды қоспалардан және ең бастысы газдан тұрады. Мұндай сусындар шөлдегенде шөлінді қандырғанымен, денсаулықтың нашарлауына әкеліп соқтырады. Көптеген шұжық өнімдері майлылығы жағынан денсаулыққа зиянды азық-түліктердің қатарына жатады. Себебі шұжық өнімдері соя ақуызы, құс еті, мал еті, крахмал ұны, малдың терісінен және т.б жасалған қоспадан тұрады.
Қытырлақ әрі ауызда тез еритін қуырылған картоптарды жасау үшін картоп, өсімдік майы, жұпар иіс беретін ароматизаторлар, нәруыз, реңк беру үшін химиялық түрлі қоспалар пайдаланылады.
Фаст-фудтың құрамында өте көп мөлшерде ас тұзы болады. Ас тұзы тамақты ұзақ уақытқа дейін өз қалпында сақтау үшін пайдаланылады. Күнделікті өмірде ас тұзын жиі қолдану артерия қысымының жоғарылауына, жүрек талмасының пайда болуына, мидағы қан айналысының кенеттен бұзылуына әкеліп соғады. Фаст-фудты жиі тұтыну әсіресе жасөспірімдерге кері әсерін тигізеді. Қытырлақ картоп / ЧИПСЫ/ Бір пакет чипсыдың энергетикалық құндылығы шамамен – 550 ккал болса, бұған ол құрамындағы майдың есебінен қол жеткізеді. Чипсыдың құрамында дәрумендер мен минералдар мүлдем болмайды.Чипсы қатты шөлдетіп, ісіндіреді және қалыпты рационалды калорияңызды жояды./Ас тұзы/.Чипсыларға қосылатын зиянды дәмдеуіш қоспалар. / Натрий глутаматы/. Акриламид, глицедамид – ең қауіпті канцероген,.Ол ісіктің пайда болуына әсер етіп қоймай ДНҚ да өзгеріске ұшыратады.
Дұрыс тамақтанудың ережелерін сақтау, тәртіп, уақыт, сана, мөлшер, дұрыс тамақтану шарттары, газдалған сусындардың зиянды жақтарын айтып өтті. Дәрумендердің негізгі көздерін қайда болатынын айтып өтті.
«Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мейірбикесі Шериева Гульзат Турдыбаевна оқушыларға жеміс-жидек, көкөніс, астық, ақуыз және ет-сүт өнімдерін қоса алғанда, әртүрлі өнімдерді тұтынудың неге маңызды екенін түсіндіріріп өтті. Дұрыс тамақтана білу-кез келген дәріден де күшті екенін естен шығармаған жөн.
Әлеуметтік педагог Л.Байбосынова мектеп тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізеді, оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйрететінін айтты. Дана халқымыз басты жеті байлықтың ең алғашқысы «Бірінші байлық – денсаулық» деп білген. Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Дұрыс тамақтану денсаулықтың және ұзақ өмір сүрудің басты факторы болып табылады. Адамның физикалық жағдайы, оның қалай және қандай көлемде тамақ жейтініне байланысты. Дұрыс және тиімді тамақтану – денсаулық негізі екенін ұмытпайық деп сөзін аяқтады.
Дәріс соңында кері байланыс жасалынып, қойылған сұрақтарға мектеп дәрігері мен мейірбике жауап берді. Оқушыларға байытылған азық-түліктің пайдасы, дене белсенділігінің артықшылықтары, психологиялық денсаулықты сақтау жолдары туралы кеңес парақшаларын тарқатты. Сонымен қатар педагог психолог Рахимова Бибігүл апай адам денсаулығына пайдасыз тағамдардың зияны туралы бейне ролик көрсетті. Мектеп-интернат оқушылары белсене қатысып, өздерінің тамақтану ережелері мен ұсыныстарын, қажет кеңестерін алып, алғыстарын айтты.
ДТІЖО: Н. Нұрмағанбетов
Әлеуметтік педагог: Л. Байбосынова
Дені сау адам - қоғамның байлығы
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
«Жетісай ауданының «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А. Нұрмағанбетов, мектебіміздің педиатр дәрігері Тажен Гулназ Абдірқызы, мейірбике Шериева Гульзат Турдыбаевна, Әлеуметтік педагог Байбосынова Лаззат Абдіманапқызы, педагог психолог Рахимова Бибігүл Сапарқызының ұйымдастыруымен денсаулық сабағы өтіліп, «Дені сау адам -қоғамның байлығы» тақырыбында дәріс оқылды.
Дәрістің мақсаты: Жас ұрпаққа дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салты жөнінде ұғымдарын кеңейту.
Дұрыс тамақтанудың ережелерін сақтау, тәртіп, уақыт, сана, мөлшер, дұрыс тамақтану шарттары, газдалған сусындардың зиянды жақтарын айтып өтті. Дәрумендердің негізгі көздері қайда болатынын айтып өтті.
Дұрыс тамақтана білу кез келген дәріден де күшті екенін естен шығармаған жөн.
Денің сау болса, байлықтың да бақыттың да болары анық. Олай болса, өмірдің айшықты жолдарынан адаспайық. Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, балаларымыз ғұмырлы болсын!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/leumettik-pedagog.html#sigFreeIdcc40cf6bc0
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Мектеп пен ата - ана арасындағы ынтымақтастық | ![]() |
2 | Лаззат Әлеуметтік педагог қызметіндегі отбасына кеңестер | ![]() |
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Қыздар жиналысы хаттамасы | ![]() |
https://zhetysai-daryn.kz/kz/leumettik-pedagog.html#sigFreeIdd4226050d9
https://zhetysai-daryn.kz/kz/leumettik-pedagog.html#sigFreeId92a1336e5d
Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген «Дұрыс тамақтану - денсаулықтың кепілі» тақырыбында өткен іс-шара анықтамасы
Жетісай қаласы
Өтілген мерзімі: 12.11.2024 ж., сағ: 16:00
Өтілген орны: мәжіліс залы
Қатысқандар: 7-11 сынып оқушылары
1. «Жетісай ауданының «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А. Нұрмағанбетов
2. «Жетісай ауданының «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педиатр дәрігері Тажен Гүлназ Абдірқызы
3. «Жетісай ауданының «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мейірбикесі Шериева Гульзат Турдыбаевна
4. Әлеуметтік педагог Байбосынова Лаззат Абдіманапқызы
5. Педагог-психолог Рахимова Бибігүл Сапарқызы
6. Емдеу дәмбике Құрбан Арайлым Рахымжанқызы
Іс-шараны мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрмағанбетов Нұрлыбек ағай сөз сөйлеп, жиналысымызды ашық деп жариялап, қатысушылармен таныстырды. Оқушылармен өткен іс-шарада «Дұрыс тамақтану - денсаулықтың кепілі» тақырыбында дәріс оқылды.
Дәрістің мақсаты: Жас ұрпаққа дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салты жөнінде ұғымдарын кеңейту. Оқушылардың шымыр, шапшаң, ұқыпты, жинақы болуына, әдемі де сымбатты болуға тәрбиелеу.
Сонымен қатар, Нұрмағанбетов Нұрлыбек ағай биолог маман ретінде дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қант диабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдын алу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет екенін айтты. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Жетісай ауданының «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педиатр дәрігері Тажен Гүлназ дұрыс тамақтанудың мақсаты көптеген аурудың алдын алуында екенін және тамақтанудың маңыздылығын толық түсіндірді. Зиянды тағамдар мен сусындар, зиянды әдеттерден аулақ болу, тамақтану кезінде күн тәртібін сақтау, тиімді тамақтану, денсаулықты шынықтырып жүру керектігін айтты. Дұрыс тамақтанудың ережелерін сақтау, тәртіп, уақыт, сана, мөлшер, дұрыс тамақтану шарттары, газдалған сусындардың зиянды жақтарын түсіндірді. Дәрумендердің негізгі көздерін атап өтті.
B1 - Жарма (сұлы) және бұршақ дақылдары, бауыр, фундук, өскіндер бидай, шошқа еті;
B2 - Жарма (қарақұмық, сұлы) және бұршақ дақылдары, жұмыртқа, сүт, ірімшік, ет, балық, бауыр, қырыққабат, салатта;
B6 - Дәнді дақылдар (күріш, қарақұмық) және бұршақ дақылдары (бұршақ, соя), бидай кебекі, ет, балық, бауыр, жұмыртқа, сүт, сүзбе, картоп, қырыққабатта;
B9 - Жасылдар (пияз, ақжелкен, салат), жемістер, бұршақ, тұтас дәндерде;
B12 - Бауыр, сиыр еті, тауық еті, балық, жұмыртқа, сүзбе, сүтте болатынын түсіндірді.
«Дарын» мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мейірбикесі Шериева Гульзат Турдыбаевна дұрыс тамақтану дегеніміз - үнемі бір мезгілде мөлшермен тамақтану, әртүрлі тағамды, денсаулыққа зиян келтіретін қоспаларсыз, табиғи таза тамақтармен тамақтану, жеміс-жидектерді көбірек пайдалану керектігін айтты. Дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру не үшін маңызды? Жалпы денсаулықты нығайтады. Жалпы физикалық қалыпты сақтауға көмектеседі. Энергия деңгейі мен концентрацияны арттырады. Тағамға дұрыс көзқарас қалыптастыру маңызды. Тағамға дұрыс көзқарас өмір бойы денсаулықтың және жүрек ауруы, қатерлі ісік және қант диабеті сияқты аурулардан қорғаудың кепілі. Балаларға жеміс-жидек, көкөніс, астық, ақуыз және ет-сүт өнімдерін қоса алғанда, әртүрлі өнімдерді тұтынудың маңыздылығын түсіндіріп өтті. Дұрыс тамақтана білу - кез келген дәріден де күшті екенін естен шығармаған жөн.
Әлеуметтік педагог Л. Байбосынова тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті мен көңіл-күйіне баса назар аудару керектігін, тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі екенін атап өтті. Ас - адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да қуат шығындайтын көзі. Денсаулықты сақтау үшін, аурудың алдын алу үшін дене жаттығулары немесе қимыл-қозғалыстан артық ештеңе жоқ екенін айтты. Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спортпен шұғылдану, күйзелістермен күресу, темекіден және ішімдіктен бас тарту арқылы салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаны жас, белсенді болуға болатынын түсіндірді.
Дәріс соңында кері байланыс жасалып, қойылған сұрақтарға мектеп дәрігері мен мейірбике жауап берді. Оқушылар пайдасыз тағамдардың зияны туралы бейнеролик көрсетіліп, бірнеше сұрақтар қойылды. Мектеп-интернат оқушылары белсене қатысып, өздерінің тамақтану ережелері мен ұсыныстарын, қажет кеңестерін алып, алғыстарын айтты.
ДТІЖО: Н. Нұрмағанбетов
Әлеуметтік педагог: Л. Байбосынова
https://zhetysai-daryn.kz/kz/leumettik-pedagog.html#sigFreeIdf889ed84c1
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Тамактану (World) | ![]() |
2 | Тамактану (PowerPoint) | ![]() |
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«29 қазан - қамқоршылар күні» мерекесінің өткізілуі туралы
Анықтама
Жетісай каласы
Өтілген мерзімі: 22.10.2024ж. сағ:15 00
«Қамқоршылар күні» мерекесі аясында мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Нұрмағанбетов сөз сөйлеп, қатысушылармен таныстырды: Жетісай қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы, қамқоршылық кеңес төрағасы Жұмабаев Мұғалбек Жүнісұлын; бастауыш ұйым төрағасы Аширбеков Сапарғали Ермекбайұлын, Абдихалыкова Жанна Қалықызын, ата - аналар мен оқушыларға сәттілік тіледі.
Әлеуметтік педагог Байбосынова Лаззат апай 29 қазан - қамқоршылар күнін өткізудің негізгі мақсаты оқушыларға ата - ананың қадірі туралы ақпарат беру, ата - ананың құндылығын арттыру. Оқушыны көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз ойын жетік, толық жеткізуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға бағыттау. Оқушылардың ой пікірін дамытып, дүние танымын арттыру мақсатында рухани адамгершілік тәрбие беру екенін айтып өтті.
Әрбір ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата - ананың қадірі ерекше әспеттелген. Олардың тікелей үрім - бұтақтары ата - аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті. ҚР - ның Конституциясында ата - аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым - қатынастары заң түрінде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады. Ата - ана балаларының тәлім - тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке - шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті екенін айтып өтті.
Мектеп - интернатымызда әлеуметтік осал топтан шыққан оқушылар бар болғандықтан, әлеуметтік педагог Байбосынова Лаззат апай мен педагог психолог Рахимова Бибігүл апай балалар мен олардың қамқоршылары және олардың заңды өкілдері арасында қарым - қатынасты күшейту және отбасы құндылығын арттыру мақсатында «Балаларға мейірім сыйла», «Балама қандай жылулық беремін?» атты тренингін өткізілді.
Мереке кеш аясында балалар мен жасөспірімдердің мінез - құлқындағы жағымсыз көріністердің алдын алу, ата - ананың жеке ұстанымдарын білу және отбасындағы тәрбие мотивтері туралы білімдерін кеңейту; балаларды тәрбиелеу процесінде ата - аналардың әсер ету формаларын оңтайландыру және тәрбие стилін үйлестіру жайлы ой талқыланып, әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсетілді.
Мектеп психологы оқушыларға жеке әңгімелесу жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға өмірлік мақсаттары, достық қарым - қатынастары, қамқоршылармен, отбасындағы қарым - қатынасы туралы кеңес берді.
Жиында оқушыларға естелік сыйлықтар мен қамқоршыларына мектеп директоры атынан ұрпақ тәрбиесіне және баланың жан - жақты дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыс етілді.
«29 қазан - Қамқоршылар күні» мерекесіне құттықтау афишасы шығарылып, мектептің Facebooк, Instagram парақұшаларында, мектеп сайтында орналастырылды.
ДТЖЖО: Н.Нұрмағанбетов
Әлеуметтік педагог: Л.Байбосынова
https://zhetysai-daryn.kz/kz/leumettik-pedagog.html#sigFreeId42a9a37699
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Камкоршы жобасы кездесу 2024 - 2025 | ![]() |
https://zhetysai-daryn.kz/kz/leumettik-pedagog.html#sigFreeId84b90a4323
Такпак 1
Әже сен бірге жүрсің меніменен
Әже сен бірге жүрсің меніменен
Өліге мен өзіңді телімегем
Ақ кимешек көрген бір кемпір көрсем
Ақ кимешек астынан сені көрем
Өңі, түсі өзіңнен бір аумайды
Немересін ертпесе жүре алмайды
Таныс дауыс, таныс сөз, таныс мәсі
Көзіме оттай басылып алаулайды
Аппақтығы ұқсайды әрінің де
Әжімің де аумайды, тәлімің де
Әлемдегі әженің бәрі бір ме
Әже сен тірі екенсің әлі күнге
Қия өтпейді, ұқсайды ізеті де
( Ізетсізді бұларда күзетуде )
Бұларда бабасынан алып қалған
Өз жұртының дәстүрін күзетуде
Әже сен бірге жүрсің меніменен
Өліге мен өзіңді телімегем
Ақ кимешек көрінсе сені көрем
Ақ кимешек жоғалса нені көрем
Такпак 2
Немерелер арнауы
Әжеге арнау Әжеме арнау
|
Ата мен әже
Әже |
Такпак 3
Әже
І
Тоқыпты әжем алаша,
Бояуы қынық тамаша.
Көктемгі кемпірқосақты
Әжеміз жерге жасапты.
ІІ
Әже, әже, жатпашы,
Ауыр ойға батпашы.
Болайын мен дәрігер,
Десең; «Шипа дәрі бер!» -
Дәрі жасап берейін,
Бәрін жасап берейін.
Ауыртпаймын әжемді,
Ауырмайсың, әже, енді.
ІІІ
Ауылға шақырған кім?
Біздің Бәпи әже.
Сусынға ішкізгені не?
Қымыз, тары көже.
Не жегізді сыйлап?
Балқаймақ пенқұймақ...
М. Әлімбаев
Әжесінің сабағы
Ойыншықтың жиып ап жана түрін,
Түсіндірді ұлына ол ақырын:
Болса егер де қоянда қанша құлақ,
Соншасының мысықта болатынын.
Сәбилердің мінезі десек түрлі,
Қызықтырмас дәл мұндай есеп кімді:
Болса егер де сиырда қанша мүйіз,
Құлағы сонша екен есектің де.
Тағы айтады ұлына ойланып ап,
Болса егер де қанша доп қолда мына:
«Адамда да сонша бас бар, - дейді ол,-
Тек онымен болмайды ойнауыңа!»
Ж. Нәжімеденев
Аналардың анасы
Әпкем - әже баласы,
Әкем - Әже баласы.
Апамыздың ағасы –
Ол да әжемнің баласы.
Анам дейді мамашым:
Әже деген шамасы –
Аналардың анасы.
Ә. Табылдиев
Әжем туралы әңгіме
Саусағы сары ала жүзікті,
Әрдайым жайдары,
Жаз өнді,
Көп ертек білетін қызықты
Көрсеңдер аяулы әжемді!
Әлдекім әжемнің шашына
Әдейі бор жағып қойғандай.
Кимешек тартқандай басына
Болады ақша бұлт қонғандай.
Куәгер кешегі заманға,
Әжеңнен кәрі адам жоқ дейді.
Ал жасын анықтап санауға
Қолынан түспейді жүргенде
Бұрышқа апарып қояды
Даладан бөлмеге кіргенде.
Қ. Баянбаев
Әже
Сығырайған көзі көрінбей
Томар - томар былшықтан,
Отырса, бойы аспайды
Қолындағы ұршықтан.
Алдындағы көженің
Көрінбес беті қылшықтан.
Көжесін татпай әженің,
Жан болмайды құр шыққан?!
Сендер де тыңда, тентектер,
Тыйылып біраз шолжақтан.
М. Жұмабаев
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп- интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Қарттарым, аман-сау жүрші!» атты қайырымдылық жасау жиналысы
Хаттама №
« _01_» _10___ 2024 жыл
Қатысқандар:
Жиналысқа «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Алиев Көбейбек Амирбекұлы ;
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ДТІЖО Н.Нұрмағанбетов; әлеуметтік педагог Л.Байбосынова; педагог-психолог Б.Рахимова, сынып жетекшілер және мектеп-интернат оқушылары қатысты.
Күн тәртібінде:
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға, жалғыз басты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, асыраушысынан айрылған аз қамтамасыз етілген ерекше қамқорлықты қажет ететін отбасыларға қайырымдылық көмек ұйымдастыру.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Алиев Көбейбек Амирбекұлы «ҚАРТТАРЫМ, АМАН - САУ ЖҮРШІ» тақырыбындағы жиналысты «ашық» деп жариялап, бірлескен, ұжымдасқан еңбегімізге сәттілік тіледі. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қариялардың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдары біз үшін үлкен өнеге екенін атап өтті. Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз, аман-есен жүреберсін!
Қайырымдылық пен қамқорлық, жанашырлық пен мейірімділік – адам баласының бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам өміріндегі игі істердің бірегейі мұқтаж жандарға қамқорлық жасау екенін бәріміз білеміз. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік педагогы Байбосынова Лаззат, педагог-психолог Рахимова Бибігүл, сынып жетекшісі әрі физика пәнінің ұстазы Жсіпханов Ақжол ағай мектеп-интернатында оқитын әлеуметтік мәртебесі бар оқушыларымен біргелікте, бүгінгі жас буынға үздік үлгілі, өнегелі тәрбие, халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, тәлім тәрбиенің ата ақылымен берілетіндігін, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында, әлеуметтік педагог Байбосынова Лаззат апай ардагерлер ұйымдарымен және Жетісай ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Жарқынбекова Айгеріммен байланыс жасап, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға, жалғыз басты қарттарға, физика пәнінің мұғалімі Жүсіпханов Ақжол ағайменмен әлеуметтік педагог Байбосынова Лаззат апай демеушілік жасап азық-түлік апарып, қайырымдылық көмек көрсетілді. Осындай белсенді көмек көрсеткен жастарға қариямыз Уракбаев Тағай өз ризашылығын шексіз жаудырып, ақ батасын берді.
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ДТІЖО Н.Нұрмағанбетов Бүгінгі жас – ертеңгі елдің сенім артқан болашағы. Біз жастарымызға қандай өнеге көрсетіп, қандай тәрбие берсек, еліміздің болашағы солай қалыптасады. Қазақ қоғамында қарттар қашанда елді береке-бірлікке, ырыс-ынтымаққа жұмылдыра білген. Халықтың «Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең», «Қариясы бар елдің – қазынасы бар» деген сөздерінің мәнісі – ақылдың кені, қазыналы қарттарды құрметтеу, ақсақалдар қауымын ардақтау.
Қаулы:
Мектеп оқушыларына үздік үлгілі, өнегелі тәрбие, халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, тәлім тәрбиенің үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау жұмыстары, мұқтаж жандарға қамқорлық жасау жұмыстары үнемі жандандырылсын.
ДТІЖО: Н.Нұрмағанбетов
Әлеуметтік педагог: Л.Байбосынова
https://zhetysai-daryn.kz/kz/leumettik-pedagog.html#sigFreeId8e92a148b2
МЕКТЕПКЕ ЖОЛ - ШЕКАРАСЫЗ ЖАҚСЫЛЫҚ
Баршамызға белгілі, 2024 жылдың 1 тамызынан -30 қыркүйегі аралығында аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, толық емес отбасы оқушылары мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Қайырымдылық пен қамқорлық, жанашырлық, мейірімділік –адам баласының бойындағы асыл қасиеттердің бірі.
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-де «Мектепке жол» атты іс-шара өтіліп, осы акция бойынша мектеп директоры К. Алиев ата-аналар мен оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, іс-шараны ашық деп жариялады.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Нурмаганбетов Нұрлыбек Ахметжанұлы мектеп оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтады. Әлеуметтік педагог Байбосынова Лаззат Абдиманапқызы, педагог-психолог Рахимова Бибігүл Сапарқызы, математика пәнінің мұалімі Уразбаева Айгүл Назарқұлқызы әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға демеушілік ұйымдастырып, қайырымдылық жасап, мектепке қажетті оқу құралдарымен кеңсе заттарын оқушыларға табыстады.
Қайырымдылық- игі іс! «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», -дейді қазақ. Қамқорлыққа зәру жандардың қамқоршысы болып, жылы сөз, жылы жүрек жылуын ұсынып, ізгілік нұрын шашып, сый-сияпат көрсетіп жүрген жандар қатары көбейе берсін дейміз.
https://zhetysai-daryn.kz/kz/leumettik-pedagog.html#sigFreeId2a1ae4d1f6
Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп- интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Таза Қазақстан.Түркістан – тазалық пен тәртіптің үлгісі »экологиялық акция аясында «Өнегелі ұрпақ!» атты қайырымдылық көмек ұйымдастыру жиналысы Хаттама №
« __» ____ 2024 жыл
Қатысқандар:
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ДТІЖО Н.Нұрмағанбетов; Жетісай қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабаев Мұғалбек; әлеуметтік педагог Л.Байбосынова; педагог-психолог Б.Рахимова, мектеп-интернат оқушылары қатысты.
Күн тәртібінде:
«Таза Қазақстан.Түркістан – тазалық пен тәртіптің үлгісі »экологиялық акция аясында «Өнегелі ұрпақ!» атты мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға, жалғыз басты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, асыраушысынан айрылған және толық емес отбасыларға, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы ерекше қамқорлықты қажет ететін отбасыларға ауласын тазалау, үйлерін абаттандыру, қайырымдылық көмек ұйымдастыру.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ДТІЖО Н.Нұрмағанбетов «Өнегелі ұрпақ!» тақырыбындағы жиналысты «ашық» деп жариялап, бірлескен, ұжымдасқан еңбегімізге сәттілік тіледі.
Қайырымдылық пен қамқорлық, жанашырлық пен мейірімділік – адам баласының бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам өміріндегі игі істердің бірегейі мұқтаж жандарға қамқорлық жасау екенін бәріміз білеміз. «Таза Қазақстан.Түркістан – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акция аясында, әлеуметтік педагог Л.Байбосынова апай Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, Жетісай өңірі бойынша жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Бабаджанов Бағдаулет Зулыпхарұлымен байланыс жасап, «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ДТІЖО Н.Нұрмағанбетов, әлеуметтік педагогы Л.Байбосынова, педагог-психолог Б.Рахимова мектеп-интернатында оқитын әлеуметтік мәртебесі бар оқушыларымен біргелікте, бүгінгі жас буынға үздік үлгілі, өнегелі тәрбие, халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, тәлім тәрбиенің ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында, мұқтаж жандарға қамқорлық жасап, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға, жалғыз басты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, ауласын тазалап, үйлерін жинап, абаттандырып, азық-түлік апарып, қайырымдылық көмек көрсетілді.Осындай белсенді көмек көрсеткен жастарға Жетісай қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабаев Мұғалбек ата мен Аязова Шарайна апа өз ризашылығын шексіз жаудырып, ақ батасын берді.
Бүгінгі жас – ертеңгі елдің сенім артқан болашағы. Біз жастарымызға қандай өнеге көрсетіп, қандай тәрбие берсек, еліміздің болашағы солай қалыптасады. Сондықтан, ұрпақ тәрбиесінде «сенікі, менікі» деген түсінік болмауы керек. Ол – баршамызға ортақ міндет екенін атап өтті.
Қаулы:
Мектеп оқушыларына үздік үлгілі, өнегелі тәрбие, халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, тәлім тәрбиенің үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау жұмыстары, мұқтаж жандарға қамқорлық жасау жұмыстары үнемі жандандырылсын.
ДТІЖО: Н.Нұрмағанбетов
Әлеуметтік педагог: Л.Байбосынова
https://zhetysai-daryn.kz/kz/leumettik-pedagog.html#sigFreeId0ad0014a2d
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген «Отбасыммен өткізген қуанышты күндерім!» тақырыбындағы жиынының
Хаттамасы №
Жетісай каласы
Өтілген мерзімі: 19.04.2024ж. сағ: 15:00
Өткізілген орны: мектеп мәжіліс орны.
Қатысқандар: ата - аналар, мектеп оқушылары.
1. «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлыбек Нұрмағанбетов
2. «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың бейіндік ісі жөнінде орынбасары Минара Сұлтанова
3. «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанибек Тулеков
4. Әлеуметтік педагог: Байбосынова Лаззат Абдіманапқызы
5. Педагог психолог Рахимова Бибігүл Сапаровна
Күн тәртібінде:
«Отбасыммен өткізген қуанышты күндерім!» атты өнеге сайысы
Тыңдалды:
Өнеге сайысын мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Нұрмағанбетов сөз сөйлеп, қатысушы отбасыларға сәттілік тіледі.
Сөз кезегі әлеуметтік педагог Байбосынова Лаззат апайға берілді, ата - ананың бала тәрбиесіне деген көзқарасын қалыптастыру, бала тәрбиелеуде ата - ана рөлін арттыру, отбасында сыйластық, мейірімділік, татулық, адамгершілік сезім қалыптастыру үшін сонмен қатар, мектеп өмірі мен отбасы байланысын нығайту мақсатында ұйымдастырылған отбасылық сайс өткізілгенін айтып өтті.
Қазақ халқының қаһарманы Бауыржан Момышұлы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтқандай, өнегелі сайыс сағатына Амирбек отбасы; Бисенбай отбасы; Ерманат отбасы; Байс отбасылары қатысты.
Өткізілген өнегелі сайыс шарттары:
1. Тегін білу тектілік таныстыру кезеңі
2. «Қыл қалам шебері атты» тапсырма сайысы («Бақытты отбасы» суретін салады)
3. Өнерлінің өрісі кең (Отбасы өнерін көрсетеді)
4. «Тәрбие тірегі отбасында». Қызықты жағдаяттық сұрақтарға жауап береді
5. «Отбасыммен өткізген қуанышты күндерім!» тренинг
6. «Қол өнер» сайысы (Отбасы қол өнерлер жасап көрсетеді)
Сайыс барысында әлеуметтік педагог Л.Байбосынова мен педагог психолог Б.Рахимова өз отбасына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін, ата - аналарға құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында отбасы ата - аналары және оқушылар арасында «Отбасыммен өткізген қуанышты күндерім!» тақырыбында тренингі өткізілді.
Төрелігін айтып, әділ бағасын берген қазылар алқасы ДОІЖО Ж.Тулеков; ДТІЖО Н.Нұрмағанбетов; ДБІЖО М.Султанова Байыс отбасына «Мерейлі отбасы»; Ерманат отбасына «Өнерлі отбасы»; Амирбек отбасына «Белсенді отбасы»; Бисенбай отбасына «Өнегелі отбасы» алғыс хаттарымен марапаттап өтті. Өнеге сағаты барысында оқушылар ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті.
Әлеуметтік педагог Л.Байбосынова сайыс барысында қатысушы сайыскерлер өте жоғары деңгейде дайындалып келген. Отбасындағы қамқорлық пен ынтымақ, бірліктерін көрсете білді. Бір - біріне деген жүрек жылуын жеткізу міндеті тамшыдай болса да орындалды деп айтып өтті.
Төмендегідей мәселелер қаралып, қаулы етеді:
Мектеп - бала - ата - ана арасында атқарылатын тәрбие беру жұмыстары жандандырылсын.
ДТІЖО: Н.Нурмаганбетов
Әлеуметтік педагог: Л.Байбосынова
https://zhetysai-daryn.kz/kz/leumettik-pedagog.html#sigFreeIdb6b5a9c00e
Қарттарым - асыл қазынам !
Қайырымдылық пен қамқорлық, жанашырлық пен мейірімділік - адам баласының бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам өміріндегі игі істердің бірегейі мұқтаж жандарға қамқорлық жасау екенін бәріміз білеміз. 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік педагогы Байбосынова Лаззат, педагог - психолог Рахимова Бибігүл, сынып жетекшісі әрі математика пәнінің ұстазы Алиманов Олжас Ретбайұлы мектеп - интернат оқушыларымен біргелікте, бүгінгі жас буынға үздік үлгілі, өнегелі тәрбие, халқымыздың қадір - қасиетін сіңіру, тәлім тәрбиенің ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, үлкенді сыйлай білуге, өз ата - бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында ардагерлер ұйымдарымен және Жетісай ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен байланыс жасап, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға, жалғыз басты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, асыраушысынан айрылған және толық емес отбасыларға, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы ерекше қамқорлықты қажет ететін отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді. Осындай белсенді көмек көрсеткен жастарға қарияларымыз Аширбекова Аягөз апа мен Жұбаназарова Ботакөз аналарымыз өз ризашылығын шексіз жаудырып, ақ батасын берді. Бүгінгі жас - ертеңгі елдің сенім артқан болашағы. Біз жастарымызға қандай өнеге көрсетіп, қандай тәрбие берсек, еліміздің болашағы солай қалыптасады. Сондықтан, ұрпақ тәрбиесінде «сенікі, менікі» деген түсінік болмауы керек. Ол - баршамызға ортақ міндет.
https://zhetysai-daryn.kz/kz/leumettik-pedagog.html#sigFreeId61c3d8dac2
https://zhetysai-daryn.kz/kz/leumettik-pedagog.html#sigFreeIddf6f73dda1
№ | Название | Скачать |
---|---|---|
1 | 2017 - 2018 оқу жылы | ![]() |
2 | 2018 - 2019 оқу жылы | ![]() |
3 | 2019 - 2020 оқу жылы | ![]() |
4 | 2020 - 2021 оқу жылы | ![]() |
5 | 2021 - 2022 оқу жылы | ![]() |