ЖАҢА ЖЫЛ: жаңа мақсат, жаңа леп!
ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Жаңа жыл қарсаңы- өткенді саралап, әр іске есеп беретін жауапты кезең.
Төрімізге жылан жылы еніп келеді.
2024-2025 оқу жылының алғашқы жартыжылдығын қорытындылау және Жаңа жылдық шырша мерекесіне орай Жетісай ауданының мамандандырылған "Дарын" мектеп интернатында салтанатты кеш болып өтті.
Жаңа жылдық мерекелік кеш оқу жылының алғашқы жарты жылдығында түрлі олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда үздік деп танылып, мектеп мерейін үстем еткен жеңімпаз шәкірттерді марапаттау салтанатына ұласты.
Салтанатты кеште сөз алған мектеп директоры Алиев Көбейбек Әмірбекұлы ұстаздар мен ата-аналарды, шәкірттер мен кеш қонақтарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
- Міне, тағы бір жыл төрімізге еніп тұр. Жылан жылы халық ұғымында молшылық пен табыс жылы болып саналады әрі бұл жыл әрбір іске ыждақаттылықпен, байыппен қарауды талап етеді. Келер жыл керемет жаңалықтарымен, толағай табыстарымен енсін,- дей келе,мектептің мерейін облыс, республика көлемінде үстем еткен жеңімпаз оқушыларды “ Алғыс хатпен” марапаттады.
Келер Жаңа жылда да шәкірттеріміз білім шыңын бағындырып,жеңісті сәттеріміз көп болсын!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/o-u-t-rbie-zh-mystary.html#sigFreeIdde5377444b
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Жаңа жыл 2025 сценарий | ![]() |
ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ - МЕКТЕП ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ҮЗДІК ШЕШІМДЕР
2024 ж 13 желтоқсан күні Жетісай ауданының мамандандырылған “ Дарын” мектеп- интернатында “ Құндылыққа негізделген білім беру- мектеп тәжірибесіндегі үздік шешімдер” атты тақырыпта облыстық тәжірибелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты -оқытудың құндылықтары негізінде білім берудегі тиімді әдіс- тәсілдер бойынша тәжірибе алмасу.
Облыстық семинар тақырыбына сай ғылыми-зерттеушілік тақырыпта, Біртұтас ұлттық тәрбиені жүзеге асыру жұмыстары бойынша көрме, зертханалық жұмыстар, қолөнер және жетістіктер көрмесі қойылды.
Іс-шараға сай концерттік бағдарлама арқылы қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау көзделді.
Семинардың ашылу салтанатында сөз алған Облыстық білім беруді дамыту орталығының басшысы Төлімбет Бақытжан Нұрмаханбетұлы, облыстық дарынды балаларды қолдау мен дамыту орталығының басшысының орынбасары Роман Болатұлы семинар қонақтарын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, семинарды ұйымдастырушы ұжымымызға сәттілік тіледі.
Жетісай ауданының мамандандырылған “ Дарын” мектеп-интернатының директоры Алиев Кобейбек Әмірбекұлы семинардың мақсатымен таныстырып, мектеп тарихымен, жетістіктерімен көпшілікті таныстырды.
Бағдарламаға сай пәндер бойынша ашық сабақтар өтіліп, озат педагогтеріміздің шеберлік сыныптары да жоғары деңгейде өтілді. Облыстық семинарды қорытындылау барысында облыстың түрлі аудандарынан келген әріптестеріміз, Сарыағаш ауданының мамандандырылған “ Дарын” мектеп- интернатының директоры Мұрат Дәне мырза, DARYN TEASHER халықаралық оқыту орталығының басшысы Айбек Қуатбай мырза мен Ерғали Ақтілек мырза өтілген тәжірибелік семинарға оң баға беріп, мектеп ұжымына шығармашылық табыс тіледі.
Білім- теңдессіз құндылық. Тәжірибелік семинардың ұйымдастырылып , өтілуіне бір қолдың саласындай біріге атсалысқан мектеп ұжымына толағай табыстар серік болғай!
Мырзашөл төрінде орналасқан мектебіміздің мерейі әрдайым үстем болғай. “Дарынды балаға- талантты ұстаз” қағидасымен жұмыс жасайтын мектебіміздің жеңісті де жемісті жылдары әлі де жалғасын тауып , ел мүддесіне еңбек жасап жүрген ұжымның үмітін ақтайтын шәкірттеріміз көп болсын!
Алға, Жетісайдың “ Дарыны”!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/o-u-t-rbie-zh-mystary.html#sigFreeId07d8461be0
Жеңімпаз жас ғалымдар
2024 жыл 28 - 29 қараша күндері Кентау қаласында республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі болып өтті.
Жетісай ауданының мамандандырылған “Дарын” мектеп - интернатынан бұл конкурсқа түрлі секциялар бойынша 65 оқушы қатысып, төмендегі жас ғалымдар жеңімпаз атанды:
1. Ихматиллаев Диярбек - 1 - орын ( химия секциясы)
2. Тажихан Зарина - 1 - орын ( орыс тілі)
3. Ілесбек Саят - 1 - орын( информатика)
4. Жұмабек Гүлсезім - 1 - орын ( тарих)
5. Құрманәлі Кәусар- 1 - орын( тарих)
6. Гүламадин Аружан 2 - орын ( техника)
7. Балтамаш Бекзат - 2 - орын ( техника)
8. Абдукарим Ботакөз - 2 - орын ( этномәдениеттану)
9. Бахрамова Каусар 2 - орын( жер және ғарыш)
10. Жорабай Нұрзаман 2 - орын ( техника)
11. Абдишукурқызы Салтанат 2 - орын ( қоршаған орта)
12. Умирбеков Шыңғыс 3 - орын ( қоршаған орта)
13. Нұржаубаева Аида 3 - орын ( экономика)
14. Турабай Жасмин 3 - орын ( экономика)
15. Сайлаухан Ардақ 3 - орын ( экономика)
16. Мақсұт Ұлжан 3 - орын ( экономика)
17. Аманқұл Ақберен 3 - орын ( экономика)
18. Худайберген Назерке 3 - орын ( физика)
19. Хужамберді Алмасбек 3- орын ( математика)
20. Бимырза Мадина 3 - орын ( қоршаған орта)
21. Арыстан Аида 3 - орын ( математика)
22. Исмаил Ақбота 3 - орын ( математика)
23. Тұрсынхан Аяулым 3 - орын ( адам және қоғам)
24. Қабылбек Есен 3 - орын ( адам және қоғам)
25. Амирбек Нұрғиса 3 - орын ( орыс тілі)
26. Сапаралы Иманғали 3 - орын ( өлкетану)
27. Нұрлыбай Көпжасар 3 - орын ( өлкетану)
28. Файзулла Малика 3 - орын ( экономика)
29. Оңғарбай Дариға 3 - орын ( экономика)
Барша жеңімпаздарымызды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Жас дарындарды ғылым әлеміне жетелеп, ізденіске баулыған жетекші ұстаздарымызға АЛҒЫС білдіреміз!
Жас ғалымдар - біздің мақтанышымыз. Ғылымның әр алуан саласына өздерінің жаңашыл идеяларын ұсынып, жеңімпаз атанған талапты шәкірттеріміз болашақта ел мүддесін көздеген айтулы азаматтардан болады деп сенеміз!
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ІНЖУ - лингвистикалық олимпиада жүлдегері
Тіл білімі - сан қырлы, мазмұнға бай, ерекше сала. Жасөспірімдердің логикасын дамытып, түрлі тілдердің ерекшелігін танытуда лингвистикалық олимпиаданың орны орасан зор.
2024 жыл 20 қараша күні Түркістан қаласында өтілген республикалық лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде “Жетісай ауданының мамандандырылған “ Дарын” мектеп-интернатының 10 - сынып оқушысы Қыдырбай Інжу жүлделі 2 - орынды жеңіп алды! Жарайсың, Інжу, талабыңа нұр жаусын!
Қыдырбай Інжу - оқу озаты, үлгілі тәртібімен, қоғамдық іс - шараларда белсенділігімен танылған мектебіміздің мақтанышы. Інжудің алдағы уақытта да алар асуы жоғары боларына сеніміміз мол.
Оқушыны жеңіске жетелеген ұстазы Алиманов Олжас Ретбайұлына және бала дарынын қолдаған ата - анасына алғыс білдіреміз!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/o-u-t-rbie-zh-mystary.html#sigFreeId760aa73177
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | ГЖ - Дарын мен Аудан Облыс кезең бойынша хат | ![]() |
«Зерде» ғылыми жоба конкурсының жеңімпаздары
Түркістан облысының білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» КММ - нің ұйымдастыруымен 2024 - 2025 оқу жылының 27 қараша күні 2 - 7 сынып оқушыларының арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ХХ республикалық «Зерде» конкурсы өтті.
Топ ішінде оза шапқан зерделі оқушыларымыз:
ІІ орын - Худайберген Сержан Жомартұлы, Пантай Ербақыт Ғалымжанұлы.
Секциясы: Математика, қолданбалы математика, жетекшісі Ашимова Гүлмира Әбілдақызы.
ІІІ орын -Халилула Аяла. Тақырыбы: «Ғажайып қолдар: қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамытудың баланың оқу жетістігіндегі рөлі» жетекшісі Оразбаева Айгүл Назарқұлқызы.
ІІІ орын - Бакжан Рахымжан Галимжанұлы, Бегалы Нұрсұлтан Қайратұлы. Физика, космос секция бойынша, жетекшісі Жусипханов Ақжол Еламанұлы.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Білімді ұрпақ - еліміздің болашағы, ертеңі. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтереді. Қоғамның негізгі өзегі - жастар. Жеңіс жолына жетелеп, жетекшілік жасаған ұстаздарға алғыс білдіреміз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/o-u-t-rbie-zh-mystary.html#sigFreeId969c52d69b
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | ЗЕРДЕ 2024 ж ережелері | ![]() |
Жаратылыстану - әлемді бейнелеген нақты ғылым
Табиғатым сыры терең сенің неткен,
Тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен.
Күн көзінен күмістей шағылған нұр,
Қоршаған тірі табиғаттың қыр - сырын, өсімдіктер мен жануарлар әлемін меңгертетін биология, химия, география ғылымдары.
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп - интернаты» КММ-де апталықтың ашылуы болды.
Апталық барысында; 02 - 06.12.2024 күндер аралығында
Ашық сабақтар, сабақтын тыс іс-шаралар, коучинг ұйымдастрылуда.
Білім - ақыл мен парасаттың белгісі болған асыл қазына. Білімді ұрпақ - еліміздің болашағы, ертеңі. Білімділік жолында еңбек етіп, жаңа ізденістер жолында жүрген әріптестерге сәттілік тілейміз!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/o-u-t-rbie-zh-mystary.html#sigFreeId2ba931a193