Республикалық пән олимпиадасынан оқушыларымыз жеңіспен оралды
https://zhetysai-daryn.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeId21cd9d3b62
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНАН ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл.
(Жүсіп Баласағұни)
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы пән олимпиадасының республикалық кезеңі Қызылорда қаласында 14-18 сәуір аралығында “Дарын” РҒПО ұйымдастыруымен өтілді. Білім бәйгесіне Түркістан облысының атынан қатысқан
оқушыларымыз топ жарып, жеңіспен оралды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Атап айтар болсақ:
Тұрсынбек Сымбат Қазақстан тарихы,11- сынып - 1-орын, Халықаралық қазақ- түрік университетінің гранты(жетекшісі А.Молдадосова),
Каналқұл Каусар , Қазақстан тарихы,10- сынып- 1-орын( жетекшісі А.Молдадосова);
Медетбек Балерке, құқық негіздері ,10- сынып- 3-орын( жетекшісі К. Алиев).
Жарайсыңдар, жас білімпаздар!
«Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»... . Иә, бұл мектеп мұғалімі – ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мақтауларды жалғастырсақ, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім. Яғни, өз ісіне берілген, кез келген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұстаздардың жөні де, жолы да алабөтен бөлек. Оқушыларымыздың таудай жетістікке жету жолында аянбай тер төккен ұстаздарымызға мың алғыс айтамыз! Сондай- ақ бала дарынын қолдап, мектеппен тонның ішкі бауындай араласып, тілекші болған жеңімпаз шәкірттеріміздің ата-аналарына да алғыс білдіреміз.
Республикалық олимпиаданы жоғары деңгейде ұйымдастырған Каркулова Айгүл Әкімгерейқызы бастап келген “Дарын” РҒПО ұжымынына, Қызылордалық білім жанашырларына да рақмет!
Білімді жастар - ел ертеңі. Білімнің туы әрдайым биік болғай!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeIdcab79e1a62
ЖАРАЙСЫҢ, ДАРИҒА!
Халқымызда “ Қуанышты бөліссең, көбейеді” деген жақсы сөз бар.
Алматы қаласында өткен республикалық “Абайтану” олимпиадасында шәкіртіміз Оңғарбай Дариға жүлделі 1- орынды жеңіп алғанын өздеріңізге сүйіншілей хабарлаған- тұғынбыз.
Бүгін ақжолтай қыз Дариғаны мектебіміз салтанатты түрде марапаттау, қарсы алу жиынын өткізді.
Абай- қазақ халқының ғана емес, күллі адамзаттың асылы, ұлтымыздың мақтанышы, бір ғасырда бір туар кемеңгер тұлға.
Абай мұраларын дәріптеуге, насихаттауға бағытталған білім сайысында бәрінен басым түскен Дариға шәкіртіміз- мектебіміздің мақтанышы. Ол тек білімін ғана көрсетіп қойған жоқ, туған тіліміз бен төл әдебитімізге деген, өз халқына деген үлкен сүйіспеншілігін танытты. Жеңімпаз шәкірт білікті ұстаздан шығатыны белгілі. Дариғаны жеңіс жолына жетелеген жетекшісі Бектемисова Айпарша апайдың да еңбегі орасан зор.
Күллі Түркістан облысының туын биіктеткен Дариғаның мерейі әрдайым үстем болсын деген ақ тілек білдіреміз.
Жарайсың, Дариға! Ұлт мақтанышы болғайсың!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeId069377d83b
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Диплом |
“Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысы” байқауынан жеңіспен оралды.
Бүгін Түркістан қаласы, Ж.Еділбаев атындағы № 18 мектеп-гимназиясында
“Іші- алтын,сырты - күміс сөз жақсысы” республикалық байқауының облыстық кезеңі болып өтті.
Шешендік өнерді, асыл сөздің құдіретін дәріптеуге бағытталған байқауға Жетісай ауданының мамандандырылған “ Дарын” мектеп-интернатынан қатысқан шәкірттеріміз -10-сынып оқушысы Қарсыбай Заңғар Қуанышұлы жүлделі 2- орынды жеңіп алса, Аманқұл Ақберен “Мақтау қағазының” иегері атанды. Жарайсыңдар, сөз зергерлері! Біз сендермен мақтанамыз!
Шешендік өнер байқауына қатысқан Қарсыбай Заңғар мен Аманқұл Ақберен-оқу озаттары, қоғамдық шаралардың белсендісі, ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары.
Осы орайда баланың білім алып, дарынан өркендетуіне сүбелі үлес қосып жүрген ата -аналарымыз : Орынбеков Пернебек мырзаға ,
Шегебаева Айнур ханымға ( Ақберен), Шойбеков Қуаныш мырзаға ,
Турмуратова Гульшат ханымға (Заңғар) үлкен алғыс білдіреміз!
Жеңімпаз шәкірттердің жетекшісі Султанова Минара Қойайдарқызына шығармашылық табыс тілейміз.
Қос шәкіртіміздің алар асуы әрдайым жоғары, болашақтары жарқын болғай!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeIde366d12575
Жас ғалымдар - областық жоба жеңімпазы
5-8 сынып оқушыларын арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңі
Бүгін 2025 жылдың 8 сәуір күні Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен Түркістан қаласы, «№33 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілді. “ Кіл жүйрікте кім жүйрік ?“ демекші, “ Таза қала сізден басталады” бағыты бойынша 8- сынып оқушысы Абдираш Абдинур жүлделі 1- орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алса, Әмірбек Нурғиса , Бахрамова Каусар “ Үздік экологиялық бастама “ секциясы бойынша 2- орын иегері атанды!Жарайсыңдар, кішкентай ғалымдар!
Бұл шәкірттер- оқу озаттары,2023-2024 оқу жылында жасөспірімдер олимпиадасының, жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары,мектебіміздің жақсы атын елге мәлім етіп жүрген ұшқыр ойлы, талапты шәкірттер.
Жас ғалымдарға дұрыс бағыт беріп , бала дарынын шыңдаған
жетекшілері Жусипханов Ақжол Еламанұлына, Тешебаев Қанат Анарбайұлына және мектеппен бірлесе жұмыс жасап, шәкірттерге қолдау білдіруші жеңімпаз шәкірттердің құрметті ата-аналарына алғыс білдіреміз!
Жас ғалымдарымыздың жұлдызы әрдайым жарық болсын, жобаның республикалық кезеңінде Абдинұрға сәттілік серігі болып, жеңіс тұғырынан көрінсін!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeId073a34cfbe
Дарынды ұстаздарға - озық тәжірибе
«Ел есінде бір жыл қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле», — дейді халық даналығы. Мұхтар Әуезов «Ұстаз – ұлы есім», — деп ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол – ұстаздық екендігін айтып кеткен. Жаңа заманға лайық жаңа білім, жаңа тәрбие беру – өмір талабы.
«Brain teaser» тақырыбында Тешебаев Канат, Алданазарова Мадина, Сағындықова Гүлшат Сәкенқызы ұстаздар арасында Squid Game Template.pptx топтарға бөліп сайыс ұйымдастырды.
Мақсаты: педагогтердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыра отырып, танымдық көзқарасын қалыптастыру.
Round 1.
Академиялық білім бойынша қызықты сұрақтар қойылады.
Round 2.
Педагогикалық әдіс-тәсілдерден тұрады
Round 3.
Ғылымға еңбек сіңірген тұлғалар тақырыбында өтеді.
Әрбір сайысқа белесене қатысқан ұстаздар қауымы белсенділік танытып , қызықты да тартысты өтті. Осы тұста ұстаздар қалыс қалмай, өз білімдерін бүгінгі сайыста паш етті.Сайыс соңынад жеңімпаздар анықталып, жүлделі сыйлықтар табысталды.
Дамыған интеллектісі бар тұлға жүйрік ойлау қабілетін сабақта ғана емес, сонымен қатар одан да тыс жерлерде белсенді пайдалану қажет. Еліміздің ертеңі, тәуелсіздігіміздің тұғырлы, болашағымыздың кемел және нық болуы білім беріп жатқан шәкірттеріміздің, жастардың қолында деп ойлаймыз, сондықтан да ұстаздарымыздың да ой жүйріктігін жетілдіру, біліктілігін дамыту әркез, әр бағытта жүргізіліп тұруы абзал.
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Жаратылыстану Бірлестік жоспары 2025 |
https://zhetysai-daryn.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeId49ef6a8152
Абайтану олимпиадасынан жеңіспен оралды
2025 жыл 25 ақпан күні Түркістан қаласында 9 - 11 - сынып оқушыларына арналған республикалық “Абайтану” олимпиадасының облыстық кезеңі болып өтті. Осы олимпиадаға мектебіміздің атынан қатысқан оқушыларымыз- Оңғарбай Дариға 1 - орын иегері атанса, Худайберген Назерке 3 - орын иегері атанып, мектеп мерейін үстем етті. Жарайсыңдар, жеңіс құтты болсын дейміз!
Биыл елімізде адамзаттың асылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерей тойы атап өтілуде. Шәкірттеріміздің бүгінгі жеңісі - Абай мұрасын дәріптеуге қосылған зор үлестері, Абай есіміне деген құрметтің белгісі. Жеңімпаз шәкірттерді жеңіске жетелеген ұстаздары Бектемисова Айпарша Қалдыбайқызы мен Зулпиева Құттықыз Өмірзаққызына алғыс білдіреміз , еңбектеріне толағай табыс тілейміз.
Абай - қазақтың бойтұмары, Абай мұралары - өшпес мұра.
Абай ілімін өнеге тұтып, жеңімпаз атанған шәкірттерді тағы да құттықтаймыз!
Өмір жолында әрдайым жеңімпаз болыңдар!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeIdec7a43bcb5
“Жарқын болашақ” жеңімпаздары
Бүгін Түркістан қаласында “Білім инновация” халықаралық қорының ұйымдастыруымен республикалық “Жарқын болашақ” қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі болып өтті.
Мектебімізден қатысқан оқушыларымыз төмендегідей нәтиже көрсетті:
“Жас қаламгер” бағыты бойынша Өткір Назым - 2 - орын ;
“Білгірлер бәйгесі” бағыты бойынша Қабыл Нұрислам - 2 - орын;
“Бейнелеушілер” бағыты бойынша Қозыбай Нұрасыл 3 - орын иегері атанды. Сонымен қатар командалық есепте “Үздік мектеп” номинациясын жеңіп алды. Құтты болсын, кішкентай тіл жанашырлары!
Қазақ тілінің туын жоғары көтеріп, жеңімпаз атанған оқушылармыздың жетекшілері Бектемисова Айпарша Қалдыбайқызы мен Султанова Минара Қойайдарқызына алғыс білдіреміз!
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өсемін! - деп ақын жырлағандай, туған тілдің мерейі әрдайым биік болсын!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeIdafdd0dab2f
Жеңімпаздар туған жерге оралды
Шымкент теміржол бекетінде Ақтөбеде өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы ғылыми жоба конкурсының республикалық кезеңінің жеңімпаздарын өзім бастап, сонымен қатар жетекшілері Жусипханов Ақжол, Алданазарова Мадина және бір топ ата-аналар қуанышпен қарсы алды. Жетісай ауданының мамандандырылған “Дарын” мектеп-интернатынан республикалық ғылым бәйгесіне 7 оқушымыз қатысып,5 оқушы жеңіспен оралды.Олар:
Балтамаш Бекзат-2-орын;
Гуламадин Аружан-2-орын;
Абдишукурқызы Салтанат-3- орын;
Нұржаубаева Аида- Грамота;
Турабай Жасмин-Грамота.
Республикалық кезеңге дейін абыроймен жеткен жеңімпаздарымыз да, Жорабай Нұрзаман мен Бахрамова Кәусар атты оқушыларымыз да ізденіс пен еңбекқорлықтың ерен үлгісін көрсетті.
Шәкірттерді қарсы алу сәтінде бұл жеңіс арқылы мектебіміздің ғана емес, күллі Түркістан облысының мерейін үстем еткендерін айтып жеңімпаз жас дарындарға кемел келешек, жарқын болашақ тіледік.
Жарайсыңдар!
Сондай-ақ мектебіміздің мақтанышы - Балтамаш Бекзатты “ХХІ ғасыр көшбашысы” білім беру-танымдық жобасының облыстық кезеңінің жеңімпазы -тұғын. Дәл бүгін перронда Бекзат оқушымызды 21-27 ақпан аралығында Алматы қаласында өтілетін “ХХІ ғасыр көшбасшысының” республикалық кезеңіне шығарып салдық.
Ақ жол, Бекзатжан, бұл сапарың да сәтті болып, жеңіспен оралғайсың!
МӘҢГІ ЛАУЛАП ЖАНУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН БАҚЫТ ТАБУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН БОЛЫП ҚАЛУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН АРМАН КЕРЕК ЕКЕН АДАМҒА, -деп Мұхтар ақын жырлағандай үлкен ғаламды бағындыратын асқақ армандарың ұлт мүддесімен үндесе берсін, жас ғалымдар!
Жеңістерің тағы да құтты болсын!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeId6d826fb494
Ұлттық лига жеңімпаздары
2025 жыл 21 ақпан күні Түркістан қаласында шахматтан ұлттық лига ойындарының облыстық кезеңі болып өтті. “Жетісай ауданының мамандандырылған“ Дарын“ мектеп - интернатынан қатысқан командамыз жүлделі 1 - орынды жеңіп алып, Алматы қаласында өтілетін республикалық кезеңге жолдама алды. Құттықтаймыз!
Команда мүшелері:
Утеген Аймекен,
Ағайындылар Балтабай Ғалым мен Балтабай Алихан, Суйіндік Бейбарыс- барлығы да оқу озаттары, мектеп мақтаныштары әрі зерделі спорт - шахматты жандарына серік еткен талапты жас өрендер. Жетекшілік жасап, бала талабын шыңдаған Жаппаров Ұлан әріптесімізге алғыс білдіреміз!
Біз сіздерді мақтан тұтамыз, алар асуларың биік болсын, жас шахматшылар!Республикалық кезеңнен де жеңіспен оралыңдар!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeId881016406c
ОБЛЫСТЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНАН 25 ОРЫН
2025 жыл қаңтар айының 5-8 күндері аралығында Түркістан қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі болып өтті.
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп- интернаты» КММ –нен 33 оқушы қатысып, 25 оқушы жеңіс тұғырынан көрінді.
Жарайсыңдар!
Жеңімпаз шәкірттерді, оларды білімге жетелеген барша ұстаздарды, ата аналарды , мектеп ұжымын білім бәйгесіндегі осынау үлкен жеңіспенен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Біздің жеңімпаздар -біздің мақтанышымыз! Өмірдің, білімнің барлық белестерінде әрдайым жеңімпаз болыңдар, жұлдыздарың жоғары болсын, дарынды дарабоздар!
Облыстық пән олимпиадасынан 25 орын
2025 жылғы қаңтар айының 5-8 күндері аралығында Түркістан қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-нен 33 оқушы қатысып, 25 оқушы жеңіс тұғырынан көрінді.
Жарайсыңдар!
Жеңімпаз шәкірттерді, оларды білімге жетелеген барша ұстаздарды, ата-аналарды, мектеп ұжымын білім бәйгесіндегі осы үлкен жеңісімен құттықтаймыз!
Біздің жеңімпаздар - біздің мақтанышымыз! Өмірдің, білімнің барлық белестерінде әрдайым жеңімпаз болыңдар, жұлдыздарың жоғары болсын, дарынды дарабоздар!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeId917dc9d0fd
Ақберен» байқауынан жеңіспен оралды
2024ж 24 қазан күні Түркістан төрінде өткен шығармашыл оқушылар арасындағы республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңінде «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-нің 3 оқушысы жеңіс тұғырынан көрінді. Худайберген Назерке – 2-орын «Шешендік , білгірлік сайысы» бойынша; Тұрсынбек Сымбат – 3-орын «Эссе жазу» бойынша; Баржақсы Сәбина -мақтау қағазы «Ұлттық аспапта өнер көрсету». Жеңімпаз шәкірттерді құттықтаймыз! «Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы» , -дейді дана халқымыз. Жетекшілік еткен әріптестеріміз Султанова Минара Қойайдарққызы, Зулпиева Құттықыз Өмірзаққызына алғыс білдіреміз! Әр ұстаздың ұрпақ тәрбиелеу жолындағы қажырлы әрі адал еңбектері еселене берсін!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeId034f5c93ea
Президенттік олимпиададан жеңіспен оралды
2024 ж 8 қазан күні Түркістан қаласында өтілген XVII Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысқан қос бірдей оқушымыз жеңіспен оралды.
Мектебіне абырой сыйлап ,өз білімдерін дәлелдей білген шәкірттеріміз Қошқарбай Бексұлтан 2 орын иеленсе, Қалибек Қайсар Мақтау қағазымен марапатталды. Жарайсыңдар, жас дарындар, жеңіс құтты болсын!
Білім-дүниенің кілті, ғаламның жарығы. Білімді шәкірттеріміздің алар биігі әлі де көп екеніне кәміл сенеміз!
Өмірде әрдайым жеңімпаз болыңдар!
Шәкірттердің білімін шыңдап, бәйгеге баптаған жетекші ұстаздарына, баланың талабын қолдай білген ата-аналарына үлкен рақмет!
Жеңісті күндер көп болсын!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeId4bb73afb4a
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Калибек Кайсар МК | |
| 2 | Кошкарбай Б Диплом 2 Орын |
Қазақстан білім олимпиадасының жеңімпаздары
Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми - практикалық орталығының ұйымдастыруымен 18 - 22 мамыр күндері мамандандырылған білім беру ұйымдарының, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ және еліміздің жекеменшік мектептерінің 10 - 11 - сынып оқушылары арасында өтілген республикалық Қазақстан Білім Олимпиадасынан шәкірттеріміз жеңіспен оралды. Құттықтаймыз!
Жеңімпаздар:
Алкабай Үсен 2 - орын, биология;
Балтамаш Бекзат 2 - орын, физика;
Үсен Айзере 3 - орын, физика;
Қуаныш Шыңғыс 3 - орын, химия;
Ілесбек Саят 3 - орын, география.
Терең білім - жылдар жемісі, оқушы мен мұғалімнің жемісі. Жасампаз елдің жастарына әркез сеніммен қараймыз. Ғылым мен білімді ең басты қазынам, байлығым деп есептеп, білімнің ең биік шыңдарын бағындыруға жасаған жеңісті қадамдарыңыз жалғасын таба берсін!
Білім сайысында мектебі мен ұстаздарының артқан сенім биігінен көріне білген дарынды оқушыларымызды мақтан тұтамыз! Жарайсыздар, жас дарындар!
Алар асуларыңыз бұдан да биік болғай!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeId102c465292
Білім олимпиадасында жүзден жүйрік
танылған жас дарындар
Мектеп деген - киелі ұғым, ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған
Түлеп ұшты талай-талай азамат.
Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сінде ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ жеңімпаздарын марапаттау салтанатты іс-шарасы өткізілді. Айта кететін жайт 20 оқушы қатысып, 18 оқушы жеңіспен оралды . ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қазақта «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген мақал бар. Әр шаңырақтың иесі бар болса, әрбір білім ордасының да тұғырының мықты болуы ұжымның бірлігі мен білікті ұстаздарға байланысты.
Іс-шарада жеңімпаз шәкірттер марапатталды.
Ата-анаға қымбат қой бала деген,
Ұрпағының әрдайым қамын жеген.
Атақ алып балаңыз дарын деген
Оралды бәйгелерден жүлдеменен.
Жас ұрпақтың жүрекжарды қуанышын бөлісіп, шашуын ақ тілек батасымен өріп, ортамызға келіп отырған ата-аналарға да мектеп әкімшілігі алғысын білдірді.
«Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хакім айтпақшы, әрбір ұстаздың ісі жеңіске жетіп жатса, оның артында ұстаздарымыздың бір тамшы болса да еңбегі барын есте сақтаңыз. Еңбектеріңіз жемісті болсын , ұстаздар қауымы! Жеңісті, жемісті күндеріміз көп болсын!
Республикалық кезеңге жолдама алған шәкірттерімізге үлкен жеңіс тілейміз!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeIdf3088507aa
Республикалық ғылыми жобалар конкурсынан жеңіспен оралды
2024 жылдың 26 ақпан - 1 наурыз күндері аралығында Тараз қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңі болып өтті.
Түркістан облысынан бұл конкурсқа 69 оқушы қатысса, Жетісай ауданының мамандандырылған “Дарын” мектеп - интернатынан 18 оқушы 11 ғылыми жобаны қорғады.
Мектебіміздің жас ғалымдары осынау конкурста жеңімпаз атанып, күллі Түркістан облысының, Жетісай ауданы мен өз білім ордасының абыройын асқақтатты.
Біздің жеңімпаз шәкірттеріміз:
Серік Ерболат, биология секциясы 2 - орын ( жетекшілері Парен Гүлбану, Сұлтанмұрат Арайлым, Ізбасар Ақмаржан, а.ш.ғ.к., доцент Дошманов Ескендір Қиятович, биология ғылым магистрі Н. Нурмаганбетов);
Қабылбек Есен, Төребек Бекасыл , Адам және қоғам секциясы, 3 - орын( жетекшісі Молдадосова Алтынай, кеңесші Алиев Көбейбек Әмірбекұлы) және техника секциясы бойынша Балтамаш Бекзат, Гуламидин Аружан, Ілесбек Саят, Өтеген Маржан сынды шәкірттеріміз “ Алғыс хат” иегерлері атанды.( Жетекшілері Жусипханов Ақжол, Алиманов Олжас).
Жеңімпаз шәкіртіміз 11 - сынып оқушысы Серік Ерболат Астана халықаралық университетінің грант иегері атанды. Құттықтаймыз! Біз , мектеп ұжымы жеңіс сыйлаған жас ғалымдарымыз бен оларға жетекшілік жасаған ұстаздарымызды мақтан тұтамыз!
Ғылыми прогреске толы ХХІ ғасырда ғылым мен техниканың өркендеуіне жаңа идеяларымен үлес қосуқан жас ғалымдарымыз азат еліміздің жарқын болашағы болады деп сенеміз. Жарайсыңдар, жеңімпаз жас дарындар!
Шәкірттеріміздің жеңіс тұғырынан көрінуінде білім ордасымен қатар ата - ананың да басым үлесі бар. Біздің шәкірттеріміздің ісін, талабын қолдап, мектеп ұжымымен бірлікте жұмыс жасайтын ата - аналарымызға да алғысымыз шексіз!
Жеңімпаз жас ғалымдарға талаптарыңызға нұр жаусын, қазақ елінің мақтанышы болыңыздар дейміз. Жеңісті күндеріміз көп болсын!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeIdc74079b750







