Өнердің адам өмірінде алатын орны басым. Өмір өнерімен өрнектелген.
Білім мен өнер - ажырамас құндылық, бала бойына терең білім мен өнегелі өнерді дарыту - аға ұрпақтың ұлық міндеттерінің бірі.
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сінде 2024-2025 оқу жылында ұйымдастырылған балалар мен жасөспірімдер арасында «Біздің бірлігіміз болашақтың білімінде» атты тақырыпта өнер фестивалі өткізілді.
Мақсаты: Ел ішінде талантты, өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, сахнада жеткіншектердің талабын қолдап, талантын ашу. Өнерпаз шәкірттерді баулыған ұстаздарға қолдау көрсету.
Қазылар алқасының құрамында облыстық қосымша білім беру орталығының мамандары:
1. Көшенов Алмат Нұртасұлы.
2. Айтов Мырза Әбдікерімұлы.
3. М. Әуезов университетінің аға – оқытушысы Ағабекова Салтанат Сәбитқызы төрешілік жасады.
Шығармашылықтың шынары болып табылатын, халық дәстүрін ұлықтап жүретін бұл фестивалдің орны бөлек болғандықтан, осынау өнер мерекесіне мектебіміздегі 300 оқушының 100- ден астамы қатысып, қалған оқушылар залда замандастарының өнерін тамашалады. Оқушылардың сахналаған көріністері, тақырып төңірегінде өтуі, музыкалық орындау дағдыларын жоғары деңгейде екенін айтып өтті. Өз өнерлерін көрсете білген оқушыларға арнайы дипломдар тапсырылды.
Фестиваль қорытындысында қазылар алқасы жас өнерпаздарға сәттілік, толағай табыс тіледі.Сонымен қатар фестивальдің жоғары дәрежеде өтуін ұйымдастырған мектеп әкімшілігіне, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрмағанбетов Нұрлыбекке, мұғалімдер мен тәрбиеші ұстаздарға алғыс білдірді.
Өнерің өрлей берсін, дарынды жастар!

Атауы Жүктеу
1 Баннер онер фестивалі 2025 
2 Диплом