«БІР ТҰТАС ТӘРБИЕ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ» «Адал азамат» «ДОСБОЛАЙЫҚ» жобасы бойынша булинг, қылмыс, ұрлық, суицидттің алдын алу мақсатында “Жетісай ауданының мамандандырылған “ Дарын” мектеп- интернаты” КММ- де Жетісай АПБ ЖПҚ КТЖ аға УПИ-ы полиция каптитаны Турмаханбетов Қылышбек Қалдыбайұлымен кездесу өтті. Жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті оқиғалар; жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, мопедтер, мотоциклдер мен скутерлерді айдаудың адам өмірі мен денсаулығына зияны жайлы айтып өтті. Жол ережесі талаптарын сақтамауы болып жатқаны жөнінде айтып, көлік айдауға болмайтынын түсіндіріп өтті.
ЖЕТІСАЙ АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция каптитаны Каликов Дүйсенбай Нуралыұлы ағай қазіргі таңда кең тараған интернет-алаяқтық хабарландыру сайттары арқылы жүзеге асырып отырғандарын айтып, бейтаныс телефон нөмірлермен хабарласқан адамдармен сөйлесуге болмайтынын ескертіп айтты.
Булинг, зорлық-зомбылықтың , жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу жөнінде түсіндіріп өтті. Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жас¬өспірімдерге түнде компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі уақыттарда көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынғанын түсіндірді. Сондай-ақ Ұрлық, қарақшылық, жолда жүру ережелерін дұрыс білуге, сақтауға кеңес берді.
ДТІЖО Нұрмағанбетов Нұрлыбек Ахметжанұлы қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Оқушылардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мəселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамда пайдалы іспен шұғылдануын тілге тиек етті.
Әлеуметтік педагог Байбосынова Лаззат апай, Жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ақпараттар беріліп, жалпы отбасындағы құндылықтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Педагог-психолог Рахимова Бибігүл Сапарқызы оқушылар арасында кемшіліктердің, жат қылықтардын алдын алу, аулақ болу мақсатында «Зорлық зомбылық, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жургізіліп келеді.
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Хаттамасы | |
| 2 | ИДН кездесу 20 02 25 |
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/344-bir-t-tas-t-rbie-lt-t-rbiesi-2.html#sigFreeIdfe700b1e74






