Бүгін мектебіміздің 9- сынып бітірушілеріне негізгі орта білім туралы аттестат тапсыру салтанаты өтілді.
Жетісай ауданының мамандандырылған “ Дарын” мектеп - интернатының негізгі мектеп курсын 54 оқушы аяқтаса, олардың 18-і үздік шәкірттер.
9-сынып бітірушілеріне аттестат тапсыру рәсімі мемлекет гимнімен бастау алып, ұстаз, мектеп- ана туралы ән- жырмен жалғасын тапты.
Негізгі мектеп курсын бітіруші шәкірттердің алдында биік мақсат, сан түрлі таңдау тұр: бірі- колледждерде білім алуды таңдаса, бірі мектеп қабырғасында оқуын жалғастырмақ.
Құрметті шәкірттер, азаматтыққа бастаған алғашқы қадамдарың құтты болсын! Мазмұнды білім, терең тәрбиені тірек етіп, ел баласы болыңдар. Бұл аттестат - есейгендіктің белгісі,сендерге зор жауапкершілік жүктейді. Демек, білім жолындағы ізденісті күшейтіп, болашақ ел азаматы болу- сендердің міндеттерің.
Сәт сапар, кіші түлектер!
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | 9 сынып аттестат табыстау сц 2025 18 06 сонгы | ![]() |
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/341-azamatty-a-al-ash-y-adam.html#sigFreeIdc600cebf5a