Баршаңызға мың алғыс, көп рахмет,
Мерейімді өсіріп, көтеретін.
Аман болшы жақсылар жаны жайсаң,
Әрбір сынды мойымай өткеретін!
Алғыс айту күні-бұл бізді күн сайын қоршап тұрған барлық жақсылық пен қуанышты түсінуге тамаша мүмкіндік. Бұл күн ризашылық тек сөз емес, өзімен және әлеммен үйлесімді өмір сүрудің өзіндік өнері екенін еске салады. Ол бізді өмірдің әр сәтіне ризашылық білдіруге, кішкентай қуаныштарды бағалауға және басқа адамдарды түсіну мен қолдаудың маңыздылығын есте сақтауға шақырады.
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сінде «Алғыс айту - парызым» тақырыбында ДТІЖО Нурмаганбетов Нурлыбек Ахметжанұлының бастауымен Әлиева Үкіліжайсан Әмірбекқызы 7 «Ә» сынып оқушыларымен тәрбие сағатын өткізді.
Кеш қонақтары Жетісай ауданының әкелер алқасының төрағасы Жетісай ауданының ардагерлер алқасы кеңесінің төрағасы Ырсымбетов Оразбай, Жунисов Мұғалбек Жұмабайұлы, Дарын мектебінің әкелер алқасының төрағалары, ата-аналар болды. Керемет мереке қарсаңында ән мен жырдан шашу шашып, келген қонақтарға керемет көңіл күй сыйлады.
Айдаров Талғат, Төлебаев Абзал мырзалар әкелер алақасының артынан ұжымға, ұстаздарға ыстық лебізін білдіріп, алғысын айтты.
Алғыс айту – адамдар арасындағы сенімді, сыйлайтықты арттыратын құрал. Адамның жан дүниесін тазартатын, жүрегін жұмсартатын, мейірімін оятатын сауапты іс. Әсіресе бір мүддеге негізделген, бір құндылықты бөліскен, бір мекенді ортақ Отан еткен адамдар арасындағы алғыс пен сыйластық қоғамның рухани тыныштығына, бауырмалдыққа жетелеп, Алланың ризашылығына қауыштыратын амал.
Мереке құтты болсын ҚАЗАҒЫМ!

Атауы Жүктеу
1  Алғыс айту күніне арналған сценарий 27 02 25 өткен