Атадан-өсиет, анадан қасиет
Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт – жас күнде көрген өнеге.
(Жүсіпбек Аймауытов)
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сінде «Атадан-өсиет, анадан қасиет» тақырыбында әлеуметтік педагог Байбосынова Ләззат Абдиманапқызының ұйымдастыруымен отбасылық сайыс өткізілді.
Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіне деген көзқарасын қалыптастыру, бала тәрбиелеуде ата-ана рөлін арттыру. Отбасында сыйластық, мейірімділік, татулық адамгершілік сезім қалыптастыру үшін сонымен қатар, мектеп өмірі мен отбасы байланысын нығайту мақсатында ұйымдастырылған сайыс.
Отбасы – басты құндылық. Бүгінгі сайыс барысында қатысушы сайыскерлер өте жоғары деңгейде дайындалып келген. Отбасындағы қамқорлық пен ынтымақ, бірліктерін көрсете білді. Бір-біріне деген жүрек жылуын жеткізу міндеті тамшыдай болса да орындалды деп айта аламыз. Төрелігін айтып, әділ бағасын берген қазылар алқасы ешкімді бөліп -жармай, барлығын арнайы Алғыс хатпен марапаттады.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дейді Әл - Фараби. Жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата - баба салт - дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.
Бала - біздің болашағымыз. Ата-ананың үмітін ақтар, саналы, салиқалы ұрпақтар көп болсын!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/leumettik-zh-mystar/324-atadan-siet-anadan-asiet-ta-yrybynda-otbasyly-sajys.html#sigFreeId4bf18aa909