«Жетісай ауданының «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесініде "Кәмелетке толмағандар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау жағдайының алдын алу "психологиялық қолдау апталығы барысында, ДТІЖО Н.А. Нұрмағанбетов, Әлеуметтік педагог Байбосынова Лаззат Абдіманапқызы, педагог психолог Рахимова Бибігүл Сапарқызының ұйымдастыруымен «Менің болашақтағы өмірім» атты сурет көрмесі өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, болашаққа деген арманын, өмірлік мақсатын, мамандыққа қызығушылығын сурет арқылы бейнелеуге жағдай жасау. Шығармашылық адамға өз эмоциясын қауіпсіз жолмен шығарып, жеңілдетуге көмектеседі. Нәтиже: Көрме барысында оқушылар армандарын еркін жеткізіп, болашаққа деген үміт пен сенімін көрсете білді. Шығармашылық, эстетикалық ойлау, өз ойын көркем тілмен жеткізу қабілеттері байқалды. Шығармашылық – ішкі дүниеңізді емдейтін қуатты құрал. Уақыт бөліңіз, жазыңыз, салыңыз, армандаңыз – шығармашылық емдейді! Қорытынды: Көрме оқушылардың өзін-өзі тануына, мақсат қоюына, визуалды ойлау қабілетінің дамуына оң әсер етті. Осындай шаралар бала дамуына қолдау көрсетіп, болашаққа сеніммен қарауға тәрбиелейді.

Атауы Жүктеу
1 17.09.2025 ж апталық жоспары