Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатында
Шахматтан «Дарын 2024 Кубогы» Жарысы өтті
Шахмат ойыны - адамның ой-өрісін кеңейтетін, терең ойлауды қажет ететін, елімізде енді дамып келе жатқан спорт түрі. Бұл ойын адамды сабырлы болуға үйретеді. Ауданымызда да шахматқа құмарлар көптеп саналады. Осындай жарыстар жастарымызды салауатты өмір салтына қарай бағыттауға септігін тигізері сөзсіз.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы күніне орай 26.10.2024 күні аудандық ересектер арасында «Дарын» мектеп-интернатының дене шынықтыру әдістемелік бірлестігінің жетекшісі С. Тоғызбаевтың және шахматтан талай жарыстарда топ жарып жүрген оқушылары республикалық деңгейде жүлделі орын алып жүрген ұстаз Ұ. Жаппаровтың ұйымдастыруымен ересектер арасында шахматтан жарыс өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша мектеп-интернатымыздың 10 сынып оқушысы Балтабай Ғалым 1 орын, қаржылай сыйлықтар мен кубокты иеленді.
https://zhetysai-daryn.kz/kz/zhetistikter/301-daryn-2024-kubogy-shakhmat-zharysy-tti.html#sigFreeIdcb4051b088