«Мақтарал ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп -интернаты» КММ
Директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары М.Султанованың
2017-2018 оқу жылында атқарған жұмыстарының есебі.
Мектеп ұжымының ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-технологиялық, инновациялық базасын нығайту мақсатында атқарылатын жұмыстар оқу жылының басында жоспарланып, өткен оқу жылына талдау жасалып, жаңа оқу жылының міндеттері белгіленді.
- Жаңартылған білім беру мазмұнын жетілдіру мақсатында педагогтерді біліктілікті арттыру курстарына жіберіп, оқу процесінде жүзеге асыру.
- Өзара тәжірибе алмасу мен өзіндік білімді көтеру, озат тәжірибені насихаттау, тарату ісін үздіксіз жүргізу арқылы педагогтардың функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және кәсіптік деңгейлерін арттырудағы қажеттіліктеріне жағдай жасау;
- Педагогтардың шығармашылық жұмыс істеуіне практикалық іс- әрекеттерін ғылыми негіздей алуына семинарлар мен ғылыми конференциялар ұйымдастыру;
- Кәсіптік бағдар беру, мамандық таңдауға қолдау көрсету мақсатында элективті және таңдау курстарын оқушы сұранысына сай мазмұнды жүргізу;
- Бәсекеге қабілетті білім ғасырында оқушыларды республикалық, облыстық зияткерлік, пәндік байқаулар мен олимпиадаларға қатыстыру, сол арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, олардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне ықпал ететін интеллектуалдық шараларды өз дәрежесінде ұйымдастыру;
- Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету.
- Пән мұғалімдері мен тәрбиешілердің жеке және тәрбие деңгейі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстарын ерекше бақылауға алу.
Осы міндеттерді өз деңгейінде жүзеге асыру үшін оқу жылы барысында бекітілген жоспарға сай іс –шаралар мен жұмыстар ұйымдастырылып, өткізілді.
Қыркүйек айының 3- не дейін «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қатысушы педагогтердің тізімі мен жұмысы қоса жіберілді. Облыстық кезең қорытындысы бойынша математика пәнінің мұғалімі Уразбаева Айгүл ІІІ орын иеленді.
Қыркүйек айының алғашқы онкүндігінде оқушылар арасында өтілетін облыстық ғылыми жобалар конкурсына қатысушылар тізімі мен сұраныс жіберілді.
Оқу жылы барысында мұғалімдер «Ең үздік сабақ жоспары» байқауына ( Г.Ашимова ІІІ орын), «Үздік педагогикалық идеялар фестиваліне» ( О.Алиманов, А.Жусипханов ІІ орын), республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» (А.Уразбаева «Алғыс хат»), облыстық «Өнерлі ұстаз» байқауына ( А.Умирзакова ІІ орын) қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Бәсекеге қабілетті білім ғасырында оқушыларды республикалық, облыстық зияткерлік, пәндік байқаулар мен олимпиадаларға қатыстыру, сол арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, олардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне ықпал ететін интеллектуалдық шараларды өз дәрежесінде ұйымдастыру мақсатында оқушылар жыл бойы түрлі конкурстар мен олимпиадаларға, зияткерлік сайыстарға қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша өтілген облыстық ғылыми жобалар конкурсында 7 оқушы жүлделі орынға ие болды, республикалық кезеңде Хайрулла Әбілқайыр, Маханбет Болат (жетекшісі А.Уразбаева), Әден Эльмира (жетекшісі М.Алданазарова) жеңімпаз атанды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша өтілетін пән олимпиадасының облыстық кезеңіне 27 оқушы қатысып, 16 оқушы жеңіске жетті. Республикалық пән олимпиадасында Омархан Дана, Бекхан Нұрдәулет, Қантбек Шыңғысхан (жетекшісі А.Молдадосова) жүлдегер атанып, мектеп мерейін үстем етті.
Оқу жылы барысында педагогтер мерзім бойынша және берілген өтініштері негізінде аттестациядан өтіп, санаттарын көтерді.
Өзара тәжірибе алмасу мақсатында мұғалімдер әріптестерінің сабақтарына еніп, озат тәжірибені жүзеге асырып, кәсіби даму үстінде болды.
Тарих пәнінің мұғалімі А.Молдадосова «Авторлық бағдарлама жасаудың ерекшеліктері» деген тақырыпта коучинг өткізді.
Тәжірибелі ұстаздар мен ізденімпаз мұғалімдердің іс-тәжірибелері облыстық, республикалық басылымдарда жарық көрді.
Оқу жылының соңында жыл бойы атқарылған жұмыстар сараланып, мұғалімнің кәсіби жетістіктерінің рейтінгісі жасалды, шығармашылық табыстар мен жетістікке жеткен ұстаздар мектеп әкімшілігі тарапынан арнай «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Мамыр-маусым айларында келер оқу жылының тамыз секциясына ұсынылатын баяндамашылардың тізімі жасалды; оқу жылы қорытындыланды.
https://zhetysai-daryn.kz/kz/zhetistikter/168-2017-2018-o-u-zhylynda-at-ar-an-zh-mystaryny-esebi.html#sigFreeIdf363df66e3