«Республикалық Байқау: «Ақберен»
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» кмм-сі Түркістан қаласында облыстық Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Республикалық VIII «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі өтті. 1Байқаудың мақсаты мен міндеті: 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау,т.б) қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу. Байқауға біздің білімді шәкірттеріміз қатысып: Ақындар мүшайрасы номинациясы-бойынша 10-шы «Б» сынып оқушысы Сүйінбай Айдана ІІ орынды жеңіп алды (жетекшісі М.К. Сұлтанова ). Ұлттық аспапта өнер көрсету бойынша 8-ші сынып оқушысы Нязбек Жандос мақтау қағазына ие болды (жетекшісі А. Бектемисова).
Жеңістеріңіз құтты болсын!
View the embedded image gallery online at:
https://zhetysai-daryn.kz/kz/zhanaly-tar/97-respublikaly-baj-au-a-beren.html#sigFreeIdbebac1a578
https://zhetysai-daryn.kz/kz/zhanaly-tar/97-respublikaly-baj-au-a-beren.html#sigFreeIdbebac1a578