«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-

интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген

«Жастар мен жасөспірімдер арасында  ерте жүктіліктің келеңсіз жағдайлардың алдын алу» тақырыбындағы    жиынының

Хаттамасы №1

 

Жетісай каласы

Өтілген мерзімі: 02.10.2023ж. сағ:16 30

Өтілген орны: Мектептің мәжіліс залы.

Қатысқандар: 7-8- 9-10-11 сынып оқушылары.

 

1.«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Нұрмағанбетов

2.Жетісай ауданының орталық ауруханасының акушер-генеколог дәрігері Алиева Назипа Тулбасқызы

3.«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  медбикесі Шериева Гулзат Турдыбаевна

4.Әлеуметтік педагог: Байбосынова Лаззат Абдіманапқызы

5.Педагог психолог Рахимова Бибігүл Сапаровна

Күн тәртібінде:

Жастар мен жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің келеңсіз жағдайлардың  алдын алу                                

Тыңдалды:

«Жастар мен жасөспірімдер арасында  ерте жүктіліктің келеңсіз жағдайлардың  алдын алу»   тақырыбында мектепшілік  пікір алмасу жиыны өткізілді. Оған Жетісай ауданының орталық ауруханасының акушер-генеколог  дәрігері Алиева Назипа Тулбасқызы шақырылды. Пікір алмасу сағатын  мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрмағанбетов Нұрлыбек ағай сөз сөйлеп, жиналысымызды ашық деп жариялап, қатысушылармен таныстырды.  

Бүгінігі қаралатын мәселе бойынша Жетісай ауданының орталық ауруханасының акушер-генеколог дәрігері Алиева Назипа Тулбасқызы  жасөспірімдер арасында  ерте жүктіліктің, келеңсіз жағдайлардың  болмауы жөнінде айтып, қыз бала гигиенасы жеке бас гигиенасының бірінші ережесі  тазалық, ол туралы бұрыннан белгілі.  Жекелеген кейбір арнайы жеке бас гигиенасының  адам жынысына, жыныс ағзалар құрылысы және қызметіне байланысты кейбір жағдайлары бар. Етеккірдің басталуы, қыз баланың алдына бір мәселе қояды.   Алдымен етеккірдің келуі денсаулық жағдайына, қыз баланың жеке гигиена ережелерін сақтауына байланысты екенін есте ұстау керек. Кәмелеттік жасқа жетпеген қыздардың ар-ұятын сақтап жүру керектігі, жүкті болуы әртүрлі қауіптер туғызатынын. Біріншіден, жасөспірімнің организмі де, гармоналдық жүйелері де толық жетілмегендіктен нәрестенің дұрыс дамып-жетілуіне, тіпті түсік тастауына әсер ететінін. Екіншіден, әртүрлі жыныс жолдарымен тарайтын ауруларға шалдығуы мүмкін екенін және оның соңы бедеулікке апаратынын айтып өтті. "Жыныстық жолмен жұғатын аурулардың түрлері және алдын-алу шаралары" тақырыбында әңгіме қозғап, алдын алу шараларын ұсынып, қыз балаларға пайдалы көптеген мағлұматтар берді. Оқушылар акушер-генеколог  дәрігері Алиева Назипа Тулбасқызына сұрақтар қойып, оның барлығына да толық жауап қайтарылды. Мектеп психологы Рахимова Бибігүл «Қыз бала әдебі» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді. Бейне тақтада «Тағдырың өз қолыңда» деген тақырыпта бейнеролик көрсетілді, оқушылар адам денсаулығы туралы баспасөз беттерінен оқығандарын және теледидардан көргендері бойынша өздерінің ойларын айтты. Оқушылар тазалық, адам денсаулығына қатысты өте дұрыс пікірлер айтып, өз ойын ортаға салып, белсенділік танытты.

Келесі кезекте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрмағанбетов Нұрлыбек ағай оқушыларға қазіргі заманда білімге көп мән беру керек жөнінде айтты. Отанымыздың келешегі, көркеюі, болашағымыз, еліміздің ертеңі жастар мен жасөспірімдер сендердің қолдарыңда, мектебімізде ойланбай жасалған әрекетке жол берілмеу керектігі жөнінде айтты. Бұдан шығатын қорытынды ойланбай жасалған әр әрекеті үшін кез келген адам Заң алдында жауапты екенін ұмытпауы керек. Әлеуметтік педагогы Л.А.Байбосынова қорыта айтарымыз, ата бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Қыз бала  адалдық пен сұлулықтың символы. Ұрпағыңды ойласаң, қызды сыйла! Қазақтың қызы тек өз ұрпағының ғана емес, бүкіл бір ұлттың алдындағы жауап­кершілігін сезінсе дейміз, тәртіп пен талап бар жерде тәрбиемізде жақсы жолға түседі деп кәміл сенемін, бүгінгі жиыннан үлкен ой түйген деген үміттеміз-деп кездесуді қорытындылай отырып,  оқушыларға жаман істерден сақ болуын айтты.

 

Төмендегідей мәселелер қаралып, қаулы етеді:

  1. Ерте жүктіліктің алдын алу тәрбие жұмыстары үздіксіз жүргізілсін.
  2. Мектебімізде қандай да бір жат іс-әрекетін байқалған жағдайда мектеп басшыларына хабардар етілсін.

                    

 

ДТІЖО:                                        Н.Нұрмағанбетов

Медбике:                                      Г.Шеримова

Әлеуметтік педагог:                   Л.Байбосынова

Педагог психолог:                       Б.Рахимова