2022 жыл 1-2 наурыз күндері Алматы қаласында өтілген "Үздік авторлық бағдарлама" конкурсының республикалық кезеңіне "Жетісай ауданының мамандандырылған" Дарын" мектеп-интернаты" КММ-нен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Илимова Қаракөзайым қатысып, жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Осынау жеңісімен күллі Түркістан облысының абыройын үстем еткен Қаракөзайым әріптесіміз-өте ізденімпаз, шығармашыл, еңбекқор маманның бірі. Қ. Илимованың жүлделі орынды жеңіп алуының сыры да осында. Уақыт ағымына сай білім берудің жаңашыл технологияларын ұтымды қолдана білетін Қ. Илимова сабақтан тыс уақытында оқушыларды зерттеу жұмыстарына баулып, өзі де шығармашылық жұмыстармен айналысады. Республикалық додада топ жарған Илимова Қаракөзайымды шын жүректен құттықтаймыз, мақтан тұтамыз және үнемі жеңіс тұғырынан көріне беріңіз!— деп тілек білдіреміз.
View the embedded image gallery online at:
https://zhetysai-daryn.kz/kz/zhanaly-tar/185-zh-jrikten-zh-jrik-ozar-zharys-anda.html#sigFreeIdf3e4411127
https://zhetysai-daryn.kz/kz/zhanaly-tar/185-zh-jrikten-zh-jrik-ozar-zharys-anda.html#sigFreeIdf3e4411127