«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сінде Жаратылыстану пәндер бірлестігінің «Дарынды ұстаздарға- озық тәжірибе» атты апталықтың ашылуы болып өтті. Апталықтың жоспарында коучинг сабақтар ұйымдастырылып, ұстаздармен тәжірибе алмасу қарастырылған. Мұғалім-мектептің жүрегі! Әр адам баласын білімге шақырып, тәрбиелеп өсірген мұғалімдердің еңбегі ешқашан өлмейді. Алайда заман дамыған сайын тек шәкірттің қабілетіне қарай талап қоймайды, ендігі жерде мұғалімдердің де әдістемелік әлемін өзгертпек.
География пәнінің мұғалімі Тоқтаров Аязбек ағай мен химия пәнінің мұғалімі Тешебаев Қанат ағай «MODERN USTAZ» сабағын өтті. Сабақ барысында маңыздылығын ғана айтып қоймай, жаңа ақпараттық технологиялармен, сабақта қолданудың тиімді қосымшаларымен бөлісті. Талабы күшті қоғамның ағысы қатты. Ал сол ағысқа қарсы шәкіртті дайындау —тағы да мұғалімнің еңбегі. Еңбектеріңіз жана берсін, ұлағатты ұстаздар!