«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сі Қазіргі сәтте TikTok, Instagram және Marvel-дің туындыларын көріп келген оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін жәй тақта мен бор жеткіліксіз (іш пысарлық). Сондықтан, АКТ-ны қолдану әрбір ұстаздың міндеті десек те болады.
“Физика-информатика” апталығында физика пәнінің мұғалімі, педагог мастер Жусипханов Акжол Еламанович “Digital USTAZ” атты коуч сабағын өтті. Сабақ барысында ұстаз, АКТ-ыны қолданудың маңыздылығын ғана айтып қоймай, жаңа ақпараттық технологиялармен, сабақта қолдануға тиімді қосымшалармен бөлісті. Атап айтар болсақ:
1. Socrative
2. Quizlet
3. Miro
4. Figma
5. Telegram сынды қосымшаларды сабақта қалай тиімді пайдалануды ашып көрсетті.
Мұғалім сабақ соңында барлық ұстаздарға осы қосымшаларды қолдануды ұсынып, сәттілік тіледі.