Бауырым, сен де соған барып қайттың
Кеудеңе орден, медаль тағып қайттың.
Тілейміз енді соғыс болмағанын,
Жат жерде жансыз дене қалмағанын.
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сінде «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» тақырыбында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу болды.
Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.
Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін-бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Соғыс - зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі - Ауған соғысы. Қатарларыңыз сиремей, елдің рухын көтеріп, жылдан-жылға аман-есен жүре беріңіздер демекпіз.