«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ -сінде «Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу» тақырыбында 7«А» сыныбында физика пәнінен Құттыбай Гүлдана ашық сабақ өткізді. Мұғалім керемет көңіл күймен сабақты бастап, үй тапсырмасын сұрауда қызықты сұрақтармен оқушылар назарын өзіне аудара білді. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндірді.«powerful calculate» әдісі арқылы тапсырмалар орындап, есептер шығарды.«Қолыңмен көрсет» әдісі бойынша кері байланыс жасады. Оқушылар белсенділігі өте жақсы. Пән мұғалімі сабақтың оқу мақсатына жете білді. Жұмыста тек биіктерден көріне беріңіз, әріптес!