«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сінде Қоғамдық пәндер бірлестігінің «Дарынды ұстаздарға-озық тәжірибе» тақырыбында іс-тәжірибе тарату апталығы өз жұмысын жалғастыруда. «Авторлық бағдарлама жазудың мен білетін қырлары» тақырыбында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Илимова Қаракөз апай өз іс-тәжірбиесімен бөлісті. Ол шеберлік алаңында авторлық бағдарлама жазудың ерекшелігі, осы сатыдағы оқушыларды оқытудың білімділік мақсаты мен міндеттерін орындауға үлесі, мақсатқа жетудің әдістемелік жүйесі, құралы, әр сатыға байланысты мақсаты туралы, бағдарламаның өзектілігі, курстың негізгі идеялары, концепциясы, оқыту реті қандай логикаға негізделген, оқу жоспарының тағы қай пәндермен логикалық байланысы бар, шартты белгілерді түсіндіру секілді өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, әріптестеріне мол мағлұмат берді. Қаламыңыз ұштала берсін, жазарыңыз таусылмасын. Жаңа, тың идеялар, кереметтей авторлық бағдарламалар жасай беріңіз, құрметті әріптес!