«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сінде Қоғамдық пәндер бірлестігінің «Дарынды ұстаздарға-озық тәжірибе» тақырыбында іс-тәжірибе тарату апталығы өз жұмысын жалғастыруда. «Дарынды баланың-талантты ұстазы болу бақыт!» тақырыбында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әтем Гүлназ өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
«Quizui»-платформасы.
Өзектілігі: Балалардың жүрегінде Отансүйгіштік пен махаббатты артыру. Тарих-Тәуелсіз елдің бақыты.
Жобаның мақсаты: Рухани тәрбие мен адамгершілік қасиеттерді дамыту. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығын насихаттау.
Жобаның міндеті: Татулық пен бірліктің маңыздылығын көрсету. Ұлттық құндылықтарымыздың дамуына үлес қосу.
ЖОБАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ.
Ұлттық ойындар мен қазақилықты балалардың бойына сіңіру. Ата бабамыздың өткен өмірін құрметтеуге, әр бір қарыс жері мен таза ауасының бақыт екенін ұғындыру. Этнопедагогиканы қазақ халқының асыл мұрасы ретінде дәріптеу. Керемет іс-тәжірибесімен бөліскен Гүлназ апайға, жұмыста табысты болыңыз деген тілек білдіреміз!
View the embedded image gallery online at:
https://zhetysai-daryn.kz/kz/zhanaly-tar/179-quizui-platformasy.html#sigFreeId3c63e1d8e8
https://zhetysai-daryn.kz/kz/zhanaly-tar/179-quizui-platformasy.html#sigFreeId3c63e1d8e8