«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ -сінде Қоғамдық пәндер бірлестігінің «Дарынды ұстаздарға-озық тәжірибе» іс-тәжірибе тарату апталығы өз жұмысын жалғастыруда. Республикалық «Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпазы, өз ісінің маманы, бірнеше ғылыми жобалардың жеңімпазы тарих пәнінің мұғалімі Молдадосова Алтынай апай «Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру арқылы жетістікке жету жолдары» тақырыбында озық іс-тәжірибесімен бөлісті. Білім берудің негізі мақсаты -білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Алтынай апай өз сөзін қорытындылай келе, жаңа заман мұғалімі өз білімін қолдану мен қатар, шәкірттеріне зерттеушілік, ізденушілік әрекеттер меңгерту керек. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса» деген қанатты сөзімен аяқтады.
Жеңісті, жемісті шәкірттеріңіз көп болсын!
View the embedded image gallery online at:
https://zhetysai-daryn.kz/kz/zhanaly-tar/178-z-isini-mamany.html#sigFreeId7da0760908
https://zhetysai-daryn.kz/kz/zhanaly-tar/178-z-isini-mamany.html#sigFreeId7da0760908