Анықтама
2019 жылдың 14 наурыз күні №19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия
базасында «Мектеп-гимназияның ұйымдастыру жұмыстары және Көшбасшылық –
бөлінген көшбасшылық» тақырыбында қалалық мектеп басшыларының тәжірибе алмасу
әдістемелік күні өткізілді. Әдістемелік тәжірибе алмасуға мектеп басшылары, және
директордың орынбасарлары мен ұстаздары қатысты. Шарада сала мамандары үшін
жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыруда мұғалімдердің кәсіби өсуіне қолдау
көрсетуге, қала мұғалімдерінің өз тәжірибелерін арттыруда педагогикалық тәсілдермен
таныстыруға және оқытудың озық үлгілерін таратуға басымдық жасалды.
Тәжірибе алмасуға қатысушылар іс-тәжірибелерімен бөлісіп, өзара пікір алмасты.