Туберкулездің алдын алу бойынша Ашық есік күні.
Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған туберкулездің алдын алу бойынша айлық шеңберінде 12.03.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасында Ашық есік күні өтті.
Аталмыш шараның басты міндеті- туберкулез жөнінде халықтың ақпараттылығын арттыру, аурудың алғашкы белгілері байқалған кезде медициналық көмекке уақытылы жүгіну қажеттілігін түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Шара барысында фтизиатр-дәрігер А.Ж.Тулемисова емхананың емделушілері мен келушілеріне туберкулездің алғашқы белгілері, аурудың алдын алу жолдары туралы ақпарат берді. Барлық қатысушыларға ақпараттық буклеттер мен брошюралар таратылды, сондай-ақ туберкулездің алғашқы белгілері жөнінде сауалнама жүргізілді.
https://zhetysai-daryn.kz/kz/zhanaly-tar/142-tuberkulezdi-aldyn-alu-bojynsha-ashy-esik-k-ni.html#sigFreeId1f30628b9e