Мектебімізде оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту, жолда жүру ережесін есте
сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру,оқушыларды жол
ережелерін бұлжытпай орындауға және сақтыққа тәрбиелеу мақсатында 26.02 күні 2 «б»
сыныбында "Жол тәртібін жадыңда ұста!» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Оқушылар жолда жүру ережесімен таныстырылып,өздерінің жол тәртібі, бағдаршам
туралы тақпақтарын айтты, «Біз жолдың сақшылары», «Жолың болсын жолаушы»,
«Әрқашан күн сөнбесін» әндерін орындады. «Маймақ аюдың достары» сахналық көрініс,
«Дорожный патруль» биі арқылы оқушылар өз өнерлерін ортаға салды.
View the embedded image gallery online at:
https://zhetysai-daryn.kz/kz/zhanaly-tar/141-zhol-t-rtibin-zhady-da-sta-ta-yrybynda-synyp-sa-aty.html#sigFreeId3c13992e53
https://zhetysai-daryn.kz/kz/zhanaly-tar/141-zhol-t-rtibin-zhady-da-sta-ta-yrybynda-synyp-sa-aty.html#sigFreeId3c13992e53