«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ
Республикалық және облыстық байқауларда жеңімпаз атанған ұстаздар мен шәкірттерді марапаттауға арналған «Дарынның дарабоздары» атты салтанатты жиын өткізілді.
Биыл - ерекше жыл. Отанымыз азаттық пен тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойын тойлау үстінде. Осы мерейтойға «Дарын» мектебінің ұстаздары мен оқушылары республикалық, облыстық түрлі байқаулар мен жарыстарда жеңімпаз атанып, өз үлесін қосуда.
3-5 қараша аралығында Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өткізілген «Менің шағын Отаным» атты жас тарихшылардың ІV Республикалық конкурсына 2 оқушымыз қатысып,«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Сапарқұл Салтанат І дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі- «Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпазы, тарих пәнінің мұғалімі Молдадосова Алтынай апай.
Сонымен қатар, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пазылова Алтынай Абуқызы «Үздік педагог-2021» мәртебесіне ие болды.
Сарыағаш ауданы №4 мамандандырылған мектеп-интернатының 15 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат оқушыларының арасында өткен кіші футболдан ауыспалы кубогына қатысып, біздің спортшыларымыз ІІ орынды жеңіп алды.
Түркістан облысының ұйымдастыруымен өткен «Өнерлі ұстаз-2021» байқауында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жуманов Жандарбек ІІ орынды жеңіп алды.
Жеңістеріңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар, жеңімпаз шәкірттер!