8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған

 «Ардақты ана, ару қыз!» байқауының ақпараты 

        2019 жылдың 7 наурыз күні Қалалық жас туристер  стансасында үйірме білім алушылары арасында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған "Ардақты ана, ару қыз!" байқауы өтті. Мақсаты: қыздарды әдептілікке, әсемділікке, инабаттылыққа, сыпайлыққа, ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге, ана мен қыз бала арасындағы сыйластықты арттыруға тәрбиелеу.

Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Ару қыздарымыз өздерін таныстырып, «Өнерлі ару» кезеңінде түрлі аспаптарда ойнап, би билеп, ән салса, «Сұлулық құпиясы» кезеңінде шаш үлгісін жасау бойынша сынға түсті. Сонымен  қатар, «Дефиле» кезеңінде қыздар қолдан жасаған киімдерімен сән үлгісін көрсетті. Кезеңдер арасында аруларымыздың аналарымен де ойындар ұйымдастырылды.

         «Ардақты ана, ару қыз!» байқауында бас жүлдені - "Географ-өлкетану" үйірмесінің білім алушысы Раxатова Нұрxаят, I орынды -"Жас-экскурсовод" үйірмесінің білім алушысы Тлешова Жасмин, ІІ орынды- "Географ-өлкетану" үйірмесінің білім алушысы Нұрқали Самира және "School-экскурсовод" үйірмесінің білім алушысы Сегізбай Нұргүл, ІІІ орынды - "Əдеби-өлкетану үйірмесінің білім алушылары Саулетова Биязы, Диярова Мая, Барлық Айгерім иеленді. Қалған қатысушы қыздар әр түрлі номинациялармен марапатталды.