М.Баймұханов атындағы орта мектептің 5 сыныптар арасында «Біз спортты сүйеміз» атты сайыс

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық ойынға деген қызығушылығын арттыру.

Керекті құралдар: кубиктер, доптар, арқан, кеглилер, таяқшалар, эстафеталық таяқшалар.

Сайысқа 4 топ қатысты.

  1. 5 ә – «Жүйріктер» тобы
  2. 5 б – «Қызғалдақ» тобы
  3. 5 г – «Қыран» тобы
  4. 5 в – «Барыс» тобы

Сайыс 8 бөлімнен тұрды. Әр бөлімді орындаған сайын оқушылар,  ата-аналар, ұстаздар сайысқа қызыға қарап қолдау көрсетіп отырды. Кейбір сыныптар 5 ә сынып «Жүйріктер» тобы, «Кубикті басына қойып жүру» бөлімінде кубикті бастарынан түсірмей өте жақсы ойын көрсетті. Осындай қызықты сайыстарды  көріп, жақсы дем алып қызықты өтті.

Келесі «Допты домалатып апарып, торға доп салу» бөлімін орындау барысында «Барыс» ойыншылары өте жақсы ұпай жинап белсенділік танытты.

Сайыстың қорытындысы бойынша қазылар алқасы мүшелерінің  келісімімен 1-орынға 5 г «Қыран» тобы, 2-орынға «Қызғалдақ», «Барыс» топтары, 3-орынға «Жүйріктер» тобы иемденіп дипломдармен марапатталды.