Тәуелсіздік шежіресі
Амангелді ауылдық кітапханасында Тәуелсіздік мерекесіне орай ауылдық клубпен бірлесе отырып, "Тәуелсіздік шежіресі" атты танымдық сағат өткізілді. Шараға 7 сынып оқушылары қатысты. Кешегі Желтоқсан құрбандарына арнап бір минут үнсіздік жарияланды. "Тәуелсіз елім- Қазақстан" атты кітап көрмесі безендіріліп, шолу өткізілді. Шара барысында Қазақстанның тәуелсіз болып қалыптасқанынан бастап, бүгінгі күніне дейінгі мәліметтер айтылды. Жыр сүйер оқырманымыз Утарова Дана Тәуелсіздік тақырыбында өлең жолдарын оқыды. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, білімдерін нығайтты. Шара соңында балалар Тәуелсіз Қазақстанға арнаған жүрекжарды тілектерін айтты. Шараның мақсаты: бүгінгі ұрпақ бойына Отаншылдық рух дамыту, ел егемендігін сақтай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу, еліміздің бүкіләлемдік деңгейдегі мемлекет болып дамуына үлес қосатын азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу.
https://zhetysai-daryn.kz/kz/zhanaly-tar/117-t-uelsizdik-shezhiresi.html#sigFreeId03cfe2ca53