«Ғажайыпқа толы Жаңа жыл»
Желтоқсан айының 30 күні мектебімізде қазіргі таңдағы еліміздегі ахуалды ескере
отырып, жаңа жылда жас бүлдіршіндерге қуанышты көңіл күй сыйлау мақсатында,
мектепалды даярлық сыныптары мен 5 сынып оқушылары арасында «Ғажайыпқа толы
Жаңа жыл» атты шара өткізілді. Шара алдын ала сынып жетекшілер мен ата-аналар
комитетінің ұйымдастыруымен оқушыларға арнайы жасалған сыйлықтарды тарату
болды. Бір ерекшелігі Аяз ата мен Ақша қар ат шанамен сыйлықтарын алып әр бір
баланың үйіне апарып берді. Аяз ата мен Ақша қарды үйлерінің қасында қарсылап,
естелік фотосуретке түскен оқушыларға бұл мереке нағыз үлкен қуаныш болды. Аяз
атаны асыға күткен бүлдіршіндер түрлі жаңа жылдық киімдерін киіп күтіп, өздерінің
тақпақтарын айтып сыйлықтар алды. Айта кетерлігі көрші Скворкин және Богатск
ауылын тасымалданып оқитын оқушыларға сыйлықтарды Аяз ата мен Ақша қар
көлікпен барып өз қолдарына табыстады.
Балаларымызға қуанышты көңіл күй сыйлап, құттықтап келген ұйымдастырушы Аяз
ата мен Ақша қар болған технология пәнінің мұғалімі Рамазанов А.А мен ата аналар
комитетінің төрайымы Султанова С.П, мектептің әлеуметтік педогогтарына, тәлімгерлер
мен тәрбие ісі орынбасарларына шексіз алғыс білдіреміз деген ата аналардың тілектері
толассыз теелфон хабарламалары арқылы келіп жатты.