«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Аянбай еңбек етіп, жастарды ғылымға, білім алуға баулу -қазіргі заманда өте өзекті мәселе. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолында еңбек етіп келе жатқан орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пазылова Алтынай Абуқызы «2021 жылдың үздік педагогі» мәртебесіне ие болды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов салтанатты іс-шарада сөз алып, құттықтап, ақжарма тілегін арнады. Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбегіңіз үшін алғыс білдіреміз, құрметті Алтынай Абуқызы!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/zhanaly-tar/101-m-alimderdi-k-sibi-merekesi-arsa-ynda-respublikaly-zdik-pedagog-baj-auyny-zhe-impazdary-marapattaldy.html#sigFreeId03b9fe7d15