Апталықтың Ашылуы Болып Өтті.
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-де Жаратылыстану пәндер бірлестігінің апталығы басталды. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып, талданды және бекітілді. Апталықтың жоспарында -ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар, оқушылар арасында түрлі байқаулар мен сайыстар жоспарланған. Жоспарға сәйкес, ұстаздарымыз көрмеге түрлі суреттер, қолдан жасалған бұйымдарды жасады. Ашылуында жоспарға сай, ән мен би және пәндерге байланысты жұмбақтар, түрлі сергіту сәттері өткізілді. Апталықтың талапқа сай өтілуіне жауапты ұстаздарымызға сәттілік тілейміз!