Бүгін - ерекше күн. Көздері нұрға, көңілдері шаттыққа толы жас шәкірттер алтын ұя мектебіне алып-ұшып келеді, алғашқы қоңырау үні сыңғырлай соғылады.
Білім күні мерекесі -адамзат үшін айтулы мерекелердің бірі, өйткені білім- үлкен құндылық.
Бүгінгі Тәуелсіз Қазақ елі, оған көшбасшылық етуші Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы білімнің өркендеуіне, сол арқылы ел болашағаның өркендеуіне үлкен басымдық беруде. Ұстаз мәртебесінің артуына, ғылыми прогрестің ілгерілеуіне деген қамқорлық- тек білім саласына ғана емес, бүкіл ұлтқа деген қолдау мен қамқорлық екені даусыз.
Жетісай ауданының мамандандырылған " Дарын" мектеп-интернаты да өз шәкірттерімен, ұлағатты ұстаздарымен жаңа оқу жылына қадам басты. Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған 7-сынып оқушыларымыз дарынды шәкірттер қатарын толықтырып, ортамызға қосылды.
Сәттілік!
Алғашқы қоңырау салтанатына ата-аналар мен құрметті қонақтарымыз да қатысты. Атап айтар болсақ, ардагер ұстаз Сатыбалдиев Дархан ағай, Жетісай қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабаев Мұғалбек ағай, құрметті ата-аналарымыз аудандық мәслихат депутаты Темирбаева Эльмира ханым мен "Қызылқұм" ауылдық округінің әкімі Асқарұлы Досжан мырза қатысты.
Құрметті отандастар!
Білім күні құтты болсын!
Бәсекеге қабілетті жаңашыл ғасырда ұрпағымыз ұлағатты болғай, ұлтқа жанашыр, ел үшін білім алып, еңбектенуге дайын елжанды ұрпақ өрбітіп, ел еңсесі биіктей берсін!
"Болашақтың кілті-білімде!", ел болашағы жарқын болсын!


 


Атауы Жүктеу
1 Жоспар
2 ИМП жобасы каз
3 2026 жылғы 1 қыркүйекте Білім күнін және Бірыңғай сынып сағатын өткізу жөніндегі ұсынымдар
4 Алғашқы қоңырау 1 қыркуйек 2026-2027
5 Жетісай Дарын 2024-2025 оқу жылының есебі
6 Қыркүйек мектеп кесте 2026 2027 ож