«Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт» - деп Халел Досмұхамедұлы атамыз айтқандай, Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – ана тілінде. Әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.

"Жетісай ауданының мамандандырылған "Дарын" мектеп-интернаты" КММ-сі «Тіл – халық қазынасы» тақырыбында мерекелік кеш өткізді. Кеш шымылдығын ДТІЖО Нурмананбетов Нұрлыбек Ахметжанұлы ашып берді.

Дарын мектебінің дарынды оқушылары кеште сыңғырлата ән салып, әсерлі тіл туралы өлеңдерін оқыды. Ұлт ұстазы –Ахмет Байтұрсынұлының мысалдарынан шағын көрніс қойылып, көрерменге жол тартты.

Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге, құрметтеу арқылы басқа тілді де, оның мәдениетінде қадірлейміз. Өткенді, бүгінгіні, болашақ қазынаны тілмен жеткіземіз. Тіл арқылы салт - дәстүрімізді, дінімізді, ділімізді, қолөнерімізді де сақтап, келесі ұрпаққа бере аламыз.

Тіл мерекесі құтты болсын!

Қазақ тілі жасай берсін!

Тіліміз-тірегіміз, елдігіміздің белгісі!


Атауы Жүктеу
1 Хаттама 2026 Тил мерекеси