2026 жылдың 20 сәуір күні АӘД пәнінен 5 күндік оқу-далалық дайындық сабақтарының ашылу салтанаты өтті.

Аталған іс-шара пән мұғалімі Жұмабаев Мұғалбек ағайдың бастамасымен ұйымдастырылды. Ашылу рәсіміне ДОЖЖО Ж. Тулеков пен ДТЖЖО Н. Нұрмағанбетов қатысып, оқушыларға ізгі тілектерін білдірді.

ДОЖЖО Ж. Тулеков өз сөзінде:
– Құрметті оқушылар! Бүгін басталып отырған оқу-далалық дайындық сабақтары сіздердің әскери дайындықтарыңызды шыңдайтын маңызды кезең. Бұл сабақтар барысында тәртіпке бағынып, жауапкершілікті сезініп, өздеріңізді нағыз азамат ретінде көрсетуге тырысыңыздар. Сіздерге сәттілік пен табыс тілеймін!

ДТЖЖО Н. Нұрмағанбетов өз сөзінде:
– Құрметті білім алушылар! Оқу-далалық жиын – тек білім ғана емес, шыдамдылық пен ұйымшылдықты талап ететін ерекше кезең. Әрқайсыларыңыз белсенділік танытып, қауіпсіздік ережелерін сақтап, жоғары нәтижелерге жетесіздер деп сенемін. Баршаңызға сәттілік тілеймін!

Іс-шара барысында оқушыларға алдағы 5 күндік дайындықтың маңызы түсіндіріліп, оқу-жаттығу жұмыстарының жоспары таныстырылды.

Бұл оқу-далалық жиын оқушылардың әскери дайындық деңгейін арттырып, тәртіпке, жауапкершілікке және отансүйгіштікке баулуға бағытталған.