«Бекітемін»
Директор: ________________К.Алиев
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-нің Наурыз мерекесін өткізу 10-күндігі туралы «Әз-Наурыз-2026 - Дарында» тақырыбында өтетін мерекелік іс-шараның жоспары
|
№ |
Тақырыбы |
Өтілетін күні |
Жауаптылар |
|
1 |
Наурыз – жаңару мен жаңғыру мерекесі |
10-12.03.2026 |
Директор Алиев К. ДОЖЖО Тулеков Ж. ДБЖЖО Султанова М. ДТЖЖО Нурмаганбетов Н. |
|
2 |
14 наурыз – Көрісу күні - Амал мерекесі |
13.03.2026 |
ДТЖЖО Нурмаганбетов Н. Ұйымдастырушы |
|
3 |
15 наурыз – Қайырымдылық күні |
16.03.2026 |
ДТЖЖО Нурмаганбетов Н. Әлеуметтік педагог Байбосынова Л. Психолог Рахимова Б. |
|
4 |
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні |
16.03.2026 |
ДТЖЖО Нурмаганбетов Н. Ұйымдастырушы Сынып жетекшілер мен тәрбиешілер |
|
5 |
17 наурыз – Шаңырақ күні |
17.03.2026 |
ДТЖЖО Нурмаганбетов Н. Ұйымдастырушы |
|
6 |
18 наурыз – Ұлттық киім күні |
18.03.2026 |
ДТЖЖО Нурмаганбетов Н. Ұйымдастырушы Ұстаздар мен оқушылар |
|
7 |
18 наурыз Мерекелік іс- шара |
18.03.2026 |
ДТЖЖО Нурмаганбетов Н. Сынып тірбиешісі Әбдіхалықова Ж. 10 «А» сынып |
|
8 |
19 наурыз – Жаңару күні |
19.03.2026 |
ДТЖЖО Нурмаганбетов Н.
|
|
9 |
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
|
20.03.2026 |
ДТЖЖО Нурмаганбетов Н. Ұйымдастырушы Дене шынықтыру бірлестігі Тогызбаев С., Алиев Л., Жаппаров Ұ., Калданов Н. |
|
10 |
21 наурыз – Ынтымақ күні |
21.03.2026 |
ДТЖЖО Нурмаганбетов Н.
|
|
11 |
22 наурыз – Жыл басы |
22.03.2026 |
ДТЖЖО Нурмаганбетов Н. Ұйымдастырушы |
|
12 |
23 наурыз – Тазару күні |
23.03.2026 |
ДТЖЖО Нурмаганбетов Н. ДШЖО Мамбетов Н. Избасарова З., Ошан А. |
ДТЖЖО: Н.Нурмаганбетов
1-жүргізуші:
Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
2- жүргізуші:
Армысыздар,Ұлыстың ұлы күнін тойлауға жиналған барша ағайын.
Бүгінгі «Жыл басы-әз Наурыз» атты мерекелік кешімізді ...
Ашық деп жариялаймыз!
1-жүргізуші:
Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.
2- жүргізуші:
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге, қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
1-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық!ШАШУ ШАШЫЛЫП БІТКЕНДЕ НАУРЫЗ БИІ
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келіп жетті.Наурыз тойларыңыз құтты болсын!Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып,тілектеріңіз қабыл болсын, аман есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпашылықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілік пен, осы Ұлыстың ұлы күнінде елімізге,жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет тілектеріңіз қабыл болсын!
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Алиев Көбейбек Әмірбекұлы және Жұмабаев Мұғалбек ағайды ортаға шақырамыз.
2- жүргізуші:
Уа, жараңдар ,жараңдар
Бәрің бері қараңдар
Наурыз думан басталды
Бір сәт зейін салыңдар
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
2- жүргізуші: Концерттік бағдарламаны бастамас бұрын оқушылардан Наурыз мерекесінің қалай тойланатындығы жайлы сұрайық:
2-жүргізуші Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы-Наурыз көже.Наурыз көже -7 түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні
жаңа-жылда тойымшылдық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді.
1-жүргізуші
Олай болса келесі кезекте ортаға 9-11 сынып жігіттерін «Наурыз көже ішу» сайысына шақырамыз.
1 – жүргізуші:
Алқа – жұртым, той – думан,
Ортамызда ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық! Ортада Аймбек пен Аманның орындауында Бәйге әні
1 – жүргізуші:
«Жер ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген күн, Самарқанттың көк тасы еріген күн» - деп халқымыз бұл мерекені ерекше қастер тұтқан.Береке басынан басталады демекші, жыл басы жақсы басталса аяғыда жақсы болады деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа, таза суға толтырып бетін ашық қалдырмаған. Бұл жиырма бірінші наурыз күні таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: Дала аралаған Қызыр ата келіп, «Қыдыр құт дарытып» кетеді дейді екен. Ендеше бәріміз ұлыстың ұлы күніне орай көктем шуағы мен бірге келе жатқан, халыққа ақ батасын беретін Қыдыр атаны қарсы алайық!
2-жүргізуші
Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән салып жас-кәріміз
Ән салайық бәріміз-дей келе Бүркіт ұлдарыңыздың орындауында АЛҒЫС әні
2 - жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып сан - саналы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Бүгінгі мереке Наурыз тойда,
Әуелеген әсем ән жолданады! «Мереке» әнімен Бану мен Ғалымжанды сахна төріне шақырамыз.
1 - жүргізуші:
Халқымыздың тарихи мәдени мұраларының түрі сан алуан.Солардың қай қайсысы да адамға , оның игілігіне қызмет етуге бағытталған.Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі қазақтың ұлттық ойындары. Сонымен ұлттық ойындар ата бабамыздан бізге жеткен,өткен мен бүгінгіні жалғастыратын ұлттық мұра.Келесі кезекте ұлттық ойынардың ұйымдастырушылары
Тоғызбаев Сабит ағайға және Жаппаров Ұлан ағайға сөз кезегін береміз.
1 - жүргізуші:
Ажары атқан таңдай ару жастың,
Қасы бар қанатындай қарлығаштың.
Жанары жан біткенді елтіп өскен,
Шапалақ өнеріне әнші жастың.Ортада Хадишаның орындауында әсем әнге кезек берейік!
2 - жүргізуші:“Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл - оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Біздің халқымыз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым-тыйыммен тәрбиелеп, аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Ұлттық салт дәстүріміздің бірі сырға салудан үзінді.СЫРҒА САЛУДАН КЕЙІН БЕТАШАР
1 - жүргізуші:
Жетісайда жанып жүр бағы қатты,
Бойына өнердің де бәрін апты
Күлкіден езуіңді жиғызбайтын,
Қарсы алыңдар, әнші қыз Айаруды!-ЖАҚСЫ АДАМДАРЫМ
1 - жүргізуші:
Өнердің түр – түрі бар, бұл ғаламда,
Ән салады әншілер, қыр - далада.
Бишілер мың бұралып билегенде
Тебіренер сілкініп, жер - ана да.Ортада мың бұралған бишілеріміз қазақ биімен.
2 - жүргізуші:
Ана деген адамға Атамекен
Әр адам анаменен адам екен
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығын
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садақа екен
Қошан Бекнұрдың орындауында «Сенің анаң алтын» әнімен
1 - жүргізуші:Келесі кезекте ағайдың ұйымдастыруымен қазақтың ұлттық ойыны Қол күрес сайысы.
2 - жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең,менше сүй! Айтуған Бекарыстың орындауында «Достығымыз жарасқан» әні.
1 - жүргізуші:
Домбырам,қасиеттісің сен не деген
Үнің шықса халық қазақ елеңдеген
Сан ғасырды түсіресің сен есіме
Қыл құйрықтың тұяғы дүбірлеген демекші Ағалар асуы күйіне кезек береміз.
2-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің-Алтынбек пен Заңғардың орындауында МЕН ҚАЗАҚПЫН әні
1 – жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой – қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық- демекші Алаш күйіне кезек береміз
2 - жүргізуші:
Өнер деген тамаша ғой, аңсағанда,
Басады ол деміңді шаршағанда.
Қасиеттің киелісі - өнер деген,
Сыйлайды ол рахатын, барша жанға.ортада бишілеріміздің өзбек биін қарсы алайық
1 - жүргізуші:Ал олай болса келесі кезекті ағайдың ұйымдастыруымен қазақтың ұлттық ойыны Гир көтеру сайысына берейік.
1 - жүргізуші:
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан,Бегалы Әйгерімнің орындауында әсем ән
2 - жүргізуші:
Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.-Құттығыз қыздарыңыздың орындауында АЛҒЫС әні
1 - жүргізуші:
Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп,дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.
Дәстүрдің озығы бар.жазығы бар
Өткеннен бізге жеткен асылы бар
Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын
Қазақта «Тұсаукесер» рәсімі бар.
2 - жүргізуші:
Әлбетте баланың тұсауы ала жіппен,қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі. Ала жіп ақтық пен адалдыққа жетелейді, көк шөп кобеюге, өсуге, өнуге шақырады
1 - жүргізуші:
Бүгінгі күні Алтынай апай өзінің немересі Арусұлтанның «Тұсаукесер» тойын Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсаукесер» тойын өткізбекші.
2 - жүргізуші:
Сән – салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойға,
Әннен шашу шашайық,-
1 - жүргізуші:
Ұрпақ жүрсін шаттанып,
Жанарынан от жанып.
Би билесін жаһанда,
Отанына мақтанып.
Ұлттар жүрсін елміз деп
Ынтымақты тең біз деп
Ықыласпен қол қысып
Би билесін гу гулеп
2 - жүргізуші:
Биле елім тірегім,
Мына ғалам дүрі едің
Адамзаттың қалайда
Дір дір еткіз жүрегін
Қара жорға болмаса
Бидің сәні келерме?
Бейбітшілік болмаса әлем сәні келеме дегендей мереке қарсаңында бәріміз біріміз бірге қара жорға биін билейік.
Хормен:
Жасай берсін жаңа күн!
Жасай берсін жаңа жыр!
Құтты болсын наурыз той!
Құтты болсын Жаңа жыл!
1-жүргізуші
Осымен 10 сынып ұжымының ұйымдастыруымен өткен
«Жыл басы-әз Наурыз »атты мерекелі кешіміз аяқталды! Қош сау болыңыздар!
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Наурыз мерекесін өткізу туралы хаттама | |
| 2 | Наурыз мерекесін өткізу туралы қосымша |
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/391-nauryz-merekesi-2026.html#sigFreeId43d23c5b6b






