Наурыз мерекесіне орай 15 наурыз – Қайырымдылық күні қарсаңында «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы игі іс-шара ұйымдастырды.
Атап айтқанда, мектептің ДТІЖО Нұрмағанбетов Нұрлыбек ағай, ДБІЖО Султанова Минара, әлеуметтік педагог Байбосынова Лаззат, педагог-психолог Рахимова Бибігүл, химия пәнінің мұғалімі Тешебаев Қанат және мектеп-интернатында білім алып жатқан оқушылармен бірге қария Кантореева Зульфия Мустафақызының үйіне арнайы барып, амандасып, хал-жағдайын біліп қайтты.
Кездесу барысында қария апамызға құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер айтылды. Оқушылар үлкенді сыйлау, қамқорлық көрсету сияқты ұлттық құндылықтардың маңызын терең түсініп, ізгілік пен мейірімділікке тәрбиеленді.
Осындай қайырымдылыққа толы игі іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, қоғамдағы үлкенге құрмет, кішіге ізет дәстүрін нығайтуға ықпал етеді.
Құрметті ардагерлер, Сіздер – өмірдің сан белесін өткеріп, ұрпаққа үлгі болған асыл қазынамызсыздар. Ақыл-кеңестеріңіз, сабырлы салмағыңыз, өмірлік тәжірибелеріңіз – біз үшін баға жетпес байлық. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілейміз!