14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді.
Күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі, жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару күні, бүкіл әлемге береке, бақыт пен бейбітшілік дарытатын Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз мерекесін халқымыз көрісуден бастаған.
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Алиев Көбейбек Амирбекұлы ұжымды бастап, жаны жайсаң жақсылармен бірге көрісу күнін тойлап, игі жақсы ақ жарма тілектерін айтып, көрісе отырып, бір-біріне «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!», «Жасың қайырлы болсын!» деп тілек жаудырып, осы айтулы мерекеге орай Жұмабаев Мұғалбек ағай ақ батасын арнады.
Ән- жырмен көмкерілген Көрісу мерекесі ерекше тағылымдық сипатта, жоғары дәрежеде өтілді.
Ендеше, береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын! Бір жастарыңызбен!
Ел іргесі бүтін болып, жылдан - жылға аман жетіп, жақсылықта көрісейік!

Атауы Жүктеу
1 Алғыс айту күні
2 наурызнама хаты0227190006
3 Наурызнама0227190006
4 Наурызнама жоспары 2026 13-23 аралыгы