Биыл Ұлттық спорт күні қасиетті Ораза айт мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл күн – халқымыздың бай мұрасын, ұлттық ойындары мен спорт түрлерін дәріптейтін ерекше мереке.
Осы күні еліміздің барлық өңірлерінде ұлттық спорт түрлерінен дәстүрлі жарыстар ұйымдастыру жоспарлануда. Атап айтқанда:
• Бәйге
• Көкпар
• Аударыспақ
• Жамбы ату
• Теңге ілу
• Құсбегілік
• Асық ату
• Тоғызқұмалақ
• Садақ ату және тағы басқа ұлттық ойындар.
12.03.2026 күні Ұлттық спорт күніне орай Жетісай «Дарын» мектеп-интернаты оқушылары арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Аталған іс-шара 7–8 сынып оқушылары арасында өткізіліп, оқушылардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Сайысты ДТЖЖО Н.Нурмаганбетов және Дене шынықтыру пәні бірлестігі ұйымдастырды. Оқушылар арқан тарту, тоғызқұмалақ және асық ату ойындары бойынша өзара бақ сынасты.
Жарысқа төрелік еткен әділқазылар алқасының құрамында С.Тогызбаев, Л.Алиев, У.Жаппаров және Н.Калданов болды.
Сайыс нәтижесі бойынша:
• Арқан тарту ойынынан – 8 «А» сынып оқушылары жеңімпаз атанды.
• Асық ату ойынынан – 8 «Ә» сынып оқушылары жеңіске жетті.
Жарыс барысында оқушылар ұлттық ойындардың маңызын сезініп, ептілік пен ұйымшылдықтарын көрсетті. Жеңімпаздар марапатталып, қатысушыларға алғыс білдірілді.