8 – Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Дарын» мектеп-интернатының қыз-келіншектеріне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Таңертең мектеп оқушылары ұстаздар мен мектептің қыз-келіншектерін жылы жүзбен күтіп алып, гүл шоқтарын табыстап, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Іс-шара барысында мектеп әкімшілігі атынан ізгі тілектер айтылды. ДОЖЖО Ж. Тулеков құттықтау сөз сөйлеп, мектептің дамуына үлес қосып жүрген ұстаздар қауымына алғысын білдіріп, барша нәзік жанды аруларды мерекемен құттықтады.
Сондай-ақ ДТЖЖО Н. Нурмаганбетов сөз алып, мектептегі қыз-келіншектерге зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тілеп, оқушыларға тәлім-тәрбие берудегі еңбектеріне ризашылығын білдірді.
Мерекелік шара ұстаздар мен оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сыйластық пен құрметтің жарқын көрінісіне айналды.
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/387-daryn-mektep-internatyny-yz-kelinshekterine-arnal-an-merekelik-is-shara-jymdastyryldy.html#sigFreeId133379c206






