05.03.2026 күні сағат 16:00-де 8 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараны сынып жетекшісі М.Алданазарова және сынып тәрбиешісі Ж.Әлиева ұйымдастырды.
Іс-шараның тақырыбы: «Ана – өмірдің шуағы».
Мақсаты – оқушыларға анаға, әжеге, апа-қарындастарға деген құрмет пен ізетті қалыптастыру, әйел-аналарды қадірлеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар аналарға, ұстаздарға арнап өлеңдер оқып, әндер орындады. Сонымен қатар мерекелік көріністер қойылып, қызықты ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар аналарға арналған жүрекжарды тілектерін айтып, гүл шоқтарын ұсынып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Кеш барысында мектептің ДТЖЖО Н. Нурмаганбетов сөз сөйлеп, барлық әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, ананың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ оқушыларға тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырған сынып жетекшісі мен тәрбиешісіне алғысын білдірді.
Іс-шараға қатысқан ата-аналар да өз пікірлерін білдіріп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын айтты. Олар балалардың өнерін жоғары бағалап, осындай тәрбиелік іс-шаралардың маңызы зор екенін атап өтті.
Қорытынды бөлімде оқушылар аналарға арнап жақсы тілектер айтып, мерекелік кеш көтеріңкі көңіл күймен аяқталды. Іс-шара барлық қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
ДБЖЖО М.Султанованың сөзі:
Құрметті ұстаздар, ардақты аналар, аяулы қыздар және оқушылар!
Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке – мейірім мен ізгіліктің, нәзіктік пен сұлулықтың мерекесі. Әйел – отбасының ұйытқысы, ұрпақ тәрбиесінің негізі, қоғамның тірегі.
Ана – әр адамның өміріндегі ең қастерлі жан. Ана мейірімі мен ананың ақ сүті әрқашан адамды жақсылыққа, адалдыққа, адамгершілікке жетелейді. Бүгінгі мерекелік іс-шара арқылы оқушылар өздерінің аналарға, апа-қарындастарға деген құрметін білдіріп отыр. Бұл – жас ұрпақтың тәрбиесі мен мәдениетінің көрінісі.
Осы тәрбиелік мәні зор іс-шараны ұйымдастырған сынып жетекшісі М.Алданазароваға және сынып тәрбиешісі Ж.Әлиеваға алғысымды білдіремін. Оқушыларымыздың өнері мен белсенділігі бізді қуантады.
Барша әйелдер қауымына зор денсаулық, отбастарына амандық, еңбектеріне табыс тілеймін. Әр шаңырақта қуаныш пен бақыт мол болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | 8 Наурыз |
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/383-khaly-araly-jelder-merekesine-oraj-t-rbielik-is-shara-tkizildi.html#sigFreeId2272da9433






