26.02.2026 күні сағат 16:00-де Жетісай «Дарын» мектеп-интернатының 7–11 сынып оқушылары ұстаздарымен бірге Гамлет трагедиясы бойынша қойылған спектакльді тамашалау мақсатында Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры-на барды.

Қойылым барысында оқушылар әлем әдебиетінің жауһары саналатын шығарманың мазмұнымен, кейіпкерлердің жан дүниесімен және сахналық шеберлікпен танысты. Спектакль жас көрермендерге адамгершілік, адалдық, әділдік, ар-ождан тақырыптары туралы терең ой салды.

Мәдени іс-шара оқушылардың рухани-эстетикалық талғамын арттыруға, театр өнеріне қызығушылығын дамытуға және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға бағытталды.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылар ерекше әсер алып қайтты.

Ардагер Қоңырбаева Айжамал әжеміздің сөзі:

Құрметті ұстаздар, ардақты оқушылар!

Бүгін сіздермен бірге ұлы жазушы Уильям Шекспиртің «Гамлет» қойылымын тамашалап, ерекше әсер алып отырмын. Театр – тәрбие мен тағылымның ордасы. Осындай рухани бай мұраларды жас ұрпақтың көруі – өте қуантарлық жағдай.

«Гамлет» шығармасы адам баласының ар-ұяты, әділдігі, шындық жолындағы күресі туралы терең ой салады. Сіздер осы қойылымнан өмірге қажетті үлкен сабақ алдыңыздар деп сенемін. Адал, әділ, білімді болып өсулеріңіз – ел болашағының кепілі.

Өнерге жақын болып, кітап оқып, рухани байлықтарыңызды арттыра беріңіздер. Ұстаздарыңыздың еңбегін бағалап, ата-аналарыңыздың үмітін ақтайтын саналы азамат болыңыздар.

Ақ жол тілеймін, айналайындар!

ДТЖЖО Н.Нұрмағанбетовтың сөзі:

Құрметті оқушылар мен ұстаздар!

Бүгін біз 7–11 сынып оқушыларымен бірге ұлы драматург Уильям Шекспиртің «Гамлет» трагедиясын тамашалап, рухани азық алып қайттық. Бұл шығарма – әлем әдебиетінің асыл қазынасы, адамгершілік пен әділдік, ар мен намыс, жауапкершілік туралы терең ой қозғайтын туынды.

Театр – тәрбиенің үлкен мектебі. Бүгінгі қойылым арқылы сіздер кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін сезініп, жақсылық пен жамандықтың, адалдық пен сатқындықтың ара-жігін ажыратуға мүмкіндік алдыңыздар. Бұл – тек өнерді тамашалау ғана емес, сонымен қатар тұлғалық дамуға жасалған қадам. Осындай мәдени іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Әрдайым білімге құштар, өнерге жақын, ойы терең, мәдениетті ұрпақ болуларыңызға тілектеспін.

Рахмет!