1-наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай 7 «А» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Алғысым шексіз, құрметім ерекше» атты тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шараға сынып жетекшісі Х. Зуфтарова мен сынып тәрбиешісі А. Малмахова жетекшілік етті. Шараның негізгі мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулу және ризашылық сезімін білдірудің маңызын түсіндіру болды.
Іс-шара барысында оқушылар алғыс туралы өлеңдер оқып, жүрекжарды тілектерін білдірді. Сонымен қатар, ата-аналарға, ұстаздарға және достарына арнап алғыс хаттар жазып, жылы лебіздерін жеткізді. Тақырыпқа сай көріністер қойылып, әндер шырқалды.
Шара соңында ұстаздар оқушыларға ризашылық білдіріп, алғыс айтудың адам өміріндегі тәрбиелік мәніне тоқталды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенді қатысуымен әсерлі өтті.
Шараға арнайы қонақ ретінде М. Жумабаев – Жетісай қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы қатысып, оқушыларға жүрекжарды лебізін білдірді. Өз сөзінде ол алғыс айтудың адамгершілік құндылық екенін атап өтіп, өскелең ұрпақты үлкенді құрметтеп, елін сүйетін азамат болуға шақырды. Сонымен қатар, бірлік пен татулықтың маңыздылығына тоқталып, жастарға ақ батасын берді. Іс-шара барысында оқушылар алғыс туралы өлеңдер оқып, көріністер қойып, ата-аналар мен ұстаздарға арнаған тілектерін жеткізді. Шара тәрбиелік мәні зор, мазмұнды әрі әсерлі түрде өтті.
Іс-шара барысында ата-аналар атынан сөз сөйлеген өкіл оқушылар мен ұстаздарға шынайы алғысын білдірді. Өз сөзінде ата-ана баланың тәрбиесінде мектеп пен отбасының бірлескен еңбегінің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың бойында мейірімділік, ізгілік, құрмет сияқты асыл қасиеттерді қалыптастыратынын айтты. Ата-аналар сынып жетекшісі Х.Зуфтарова мен сынып тәрбиешісі А.Малмаховаға балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жүргені үшін ризашылықтарын білдіріп, оқушыларға жарқын болашақ тіледі. Шара жылы лебіздер мен ақ тілектерге толы болып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
1-наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай 7 «А» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Алғысым шексіз, құрметім ерекше» атты тәрбиелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Нурмаганбетов құттықтау сөз сөйлеп, барша қатысушыларды мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ол алғыс айту – адамгершіліктің асыл қасиеті екенін атап өтіп, оқушыларды үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге шақырды. Сонымен қатар, осындай мазмұнды шараларды ұйымдастырған сынып жетекшісі Х.Зуфтарова мен сынып тәрбиешісі А.Малмаховаға алғыс білдіріп, оқушылардың белсенділігіне ризашылығын жеткізді.
Шара соңында қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік көңіл-күймен тарқасты.
Мереке құтты болсын ҚАЗАҒЫМ!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/379-al-ysym-sheksiz-rmetim-erekshe.html#sigFreeId4f43006567






