«Жасампаздық – бәрімізге өнеге»
Жасампаздық адамды алға жетелейді: ол еңбекқорлықты, жауапкершілікті, бірлік пен ізгілікті дәріптейді. Жаңа ой ұсыну, пайдалы іс атқару, қоғамға үлес қосу — міне, нағыз өнеге осында. Әрбір игі қадам өзгеге үлгі болып, болашаққа сенім ұялатады. Сондықтан жасампаз болу — бүгінгі күннің талабы, ертеңгі жетістіктің кепілі.
МҰХАТР ӘУЕЗОВ ПРОЗАСЫ – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ АЙНАСЫ
XX ғасыр қазақ қоғамында әдебиет пен мәдениетіміздің өркендеуіне аса зор үлес қосқан қазақ әдебиетінің классигі, көркем сөз шебері, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ ССР-нің ғылыми қайраткері М.Әуезовтің 129 жылдық мерейтойы.
«Жасампаздық – бәрімізге өнеге» тақырыбында 03.02.-13.02.2026 күндер аралығында өткізілетін 10 күндік іс-шара жоспары бойынша, ДТІЖО Нурмаганбетов Нурлыбек Ахметжанұлының бастауымен 8 «Ә» сынып тәрбиешісі Әлиева Үкіліжайсан Әмірбекқызы «МҰХАТР ӘУЕЗОВ ПРОЗАСЫ – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ АЙНАСЫ" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Ұлы жазушының керемет туындыларына тоқтала кетіп, сахналасытырылған қойылым қойды.
Туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен ұлы суреткер Мұхтар Омарханұлы Әуезов - кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі. Қазақ әдебиетінің барлық жанрына тұңғыш рет қалам тартып, бәрін игеріп, сол арқылы тіліміздің шұрайын, еліміздің шырайын танытқан қарымды қаламгер, дарынды ғалым.
Келер ғасырда да кемелдене беретiн кемеңгер М.Әуезов – тек сiз бен бiздiң ғана емес, әлi дүниеге келмеген жаңа ұрпақтардың да сарқылмас игiлiгi, өлшеусiз бақыты.
Мектеп атауы: Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ
Тәрбиешісі: Әлиева Үкіліжайсан
Сынып: 8 «ә»
Күні: 09.02.2026 жыл
Ұлы ойшыл, кемеңгер-қаламгер Мұхтар Әуезовке – 129 жыл
Сынып: 8
Ұзақтығы: 45 минут
Тәрбие сағатының түрі: Ашық тәрбие сағаты
Бағыты: Рухани-адамгершілік, патриоттық
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ой қозғау, топтық жұмыс, сергіту сәті
Көрнекіліктер: М.Әуезов портреті, «Абай жолы» кітабы, слайд-презентация, нақыл сөздер
Тәрбие сағатының мақсаты:
- Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы терең мәлімет беру;
- Ұлы жазушының еңбектері арқылы оқушыларды елін, тілін сүюге, білімге ұмтылуға тәрбиелеу;
- Оқушылардың ойлау, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Күтілетін нәтиже:
- Мұхтар Әуезовтің өмір жолын біледі;
- Негізгі шығармаларын атай алады;
- Ұлы тұлғаның рухани мұрасын бағалайды.
Тәрбие сағатының барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)
- Оқушылармен амандасу
- Сыныптың назарын сабаққа аудару
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Мұғалім сөзі: Бүгін біз қазақ әдебиетінің алып тұлғасы Мұхтар Әуезовтің 129 жылдығына арналған тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
II. Ой қозғау (5 минут)
- Ұлы тұлға дегеніміз кім?
- Мұхтар Әуезов туралы не білесіңдер?
III. Негізгі бөлім (20 минут)
1. Мұхтар Әуезовтің өмірі (7 минут)
- 1897 жылы Семей өңірінде дүниеге келуі
- Балалық шағы, отбасы
- Білім алуы
- Қазақ әдебиетіне қосқан үлесі
2. Шығармашылығы (8 минут)
- «Абай жолы» роман-эпопеясы
- «Көксерек», «Қорғансыздың күні» әңгімелері
- «Еңлік-Кебек», «Қарагөз» драмалары
- Шығармаларының 60-тан астам тілге аударылуы
3. Топтық жұмыс (5 минут)
- 1-топ: Әуезов – жазушы
- 2-топ: Әуезов – ойшыл
- 3-топ: Әуезов – жастарға үлгі тұлға
IV. Сергіту сәті (5 минут)
«Әуезов әлемі» ойыны: Мұғалім сөз айтады, оқушылар дұрыс болса қол шапалақтайды.
- «Абай жолы»
- «Көксерек»
- «Еңлік-Кебек»
- «Алпамыс батыр»
V. Бекіту кезеңі (5 минут)
- Мұхтар Әуезов қашан дүниеге келді?
- Оның ең басты еңбегі қайсы?
- Әуезов шығармалары неліктен құнды?
VI. Қорытынды бөлім (5 минут)
Қорытынды сөз: Мұхтар Әуезов – қазақ халқының рухани әлемін әлемге танытқан ұлы ойшыл, кемеңгер қаламгер. Оның шығармалары – ұлт рухының мәңгілік мұрасы.
Тәрбиелік түйін: Ұлы тұлғаны тану – өз халқыңды тану.
VII. Бағалау (5 минут)
- Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау
- Сабақтан алған әсерлерін сұрау
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/375-m-khatr-uezov-prozasy-ltty-rukhty-ajnasy.html#sigFreeId86f7e58632
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Brown Antique Illustrated Literature Class Educational Presentation |






