«Жасампаздық – бәрімізге өнеге»
Жасампаздық адамды алға жетелейді: ол еңбекқорлықты, жауапкершілікті, бірлік пен ізгілікті дәріптейді. Жаңа ой ұсыну, пайдалы іс атқару, қоғамға үлес қосу - міне, нағыз өнеге осында. Әрбір игі қадам өзгеге үлгі болып, болашаққа сенім ұялатады. Сондықтан жасампаз болу - бүгінгі күннің талабы, ертеңгі жетістіктің кепілі.
ҚАЗАҚТЫҢ ДАРА АБАЙЫ

Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз.

Өз заманында соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен, мыңмен жалғыз алысқан наданның көзін қойып, көңілін ашқан, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылған, болашаққа тәрбиелік, білімділік мол қазынасын қалдырған данышпан, ойшыл Абай атамыздың шығармаларын бойымызға сіңіріп, сусындап келеміз.
«Жасампаздық – бәрімізге өнеге» тақырыбында 03.02.-13.02.2026 күндер аралығында өткізілетін 10 күндік іс-шара жоспары бойынша, ДТІЖО Нурмаганбетов Нурлыбек

Ахметжанұлының бастауымен 7 «Ә» сынып тәрбиешісі Адилбекова Айнұр Сайфудинқызы «Қазақтың дара Абайы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Ақынның жан тебірентер әндері, тұнып тұрған философияға толы өлеңдері, ғибрат алар қарасөзерін оқушылар орындап, айта білді.

Абай атамыздың асыл сөздерін, маржандай жырларын болашақ ұрпаққа саф алтындай күйде жеткізу-біздің міндетіміз.

Академик Ғ.Мүсірепов «Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық керек. Мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған», -депті. Сөз соңында осы үш қасиетті тілейміз!