«Жасампаздық - бәрімізге өнеге»
Жасампаздық адамды алға жетелейді: ол еңбекқорлықты, жауапкершілікті, бірлік пен ізгілікті дәріптейді. Жаңа ой ұсыну, пайдалы іс атқару, қоғамға үлес қосу - міне, нағыз өнеге осында. Әрбір игі қадам өзгеге үлгі болып, болашаққа сенім ұялатады. Сондықтан жасампаз болу — бүгінгі күннің талабы, ертеңгі жетістіктің кепілі.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - АЛАШ ТҰЛҒАСЫ
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірегейі, мемлекет қайраткері. Ұлтымыздың маңдайына біткен ұлы екі тұлғаның бірі, Абайдан кейін Ахмет. Езгіде болған қазақ халқының көгінде темір қазықтай болып туылған, аса зерек, нағыз ұлтшыл. Бұратана ретінде кемсіткен, ақ патша мен олардың итаршыларына қарсы шығып, күрескен ақиық ірі де бірегей тұлға.
Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-нің 2025-2026 оқу жылына жоспарланған сынып тәрбиешілерінің «Адал азамат» «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Жасампаздық - бәрімізге өнеге» тақырыбында
03.02.-13.02.2026 күндер аралығында өткізілетін 10 күндік іс-шара жоспары бойынша, ДТІЖО Нурмаганбетов Нурлыбек Ахметжанұлының бастауымен 7 «А» сынып тәрбиешісі Малмахова Аякөз , Зуфтарова Халида «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - АЛАШ ТҰЛҒАСЫ» тақырыбында әдеби кеш өткізді. Кеш қонақтары: мектеп директоры Алиев Көбейбек Амирбекұлы, Жумабаев Мұғалбек Жүнісұлы, Аширбеков Сапарғали ағай және ұстаздар қауымы. Кеш барысында ұлт ұстазы - Ахметтің өмірі мен туындылары, қазақ халқы үшін , болашақ ұрпақ басын өлімге тіккен дарабоз дарын иесінің әр көркем туындысы - аяқталған, бас-аяғы бүтін дүние екенін айтып өтті.
Шығармашылық - ол күрделі процесс. Кез келген туындының тууы - кісі сезімінің ғана емес, ақыл-ойының да жемісі. Ахмет өлеңді еріккенінен жазған жоқ, ақын боп танылайын деген де жоқ, бұндағы ойы - өлең арқылы қазақты ояту, ой салу еді және Алаш қайраткері сол міндетін толықтай атқарып шықты.
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/372-zhasampazdy-b-rimizge-nege.html#sigFreeId1f851c89aa






