Отанды сүю, дәріптеу, шәкірттерді елжандылыққа тәрбиелеу- ұстаздың ізгі міндеттерінің бірі. Осы орайда Тәуелсіздік күні мерекесіне орай
“Жетісай ауданының мамандандырылған “ Дарын” мектеп- интернаты” КММ- де бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Жұмабаев Мұғалбек ағайдың , Тоғызбаев Сәбит ағайдың ұйымдастыруымен “Мен әскерде қызмет етуге дайынмын!” деген тақырыпты спорттық патриоттық іс- шара болып өтті.
10- сынып оқушыларының қатысуымен өтілген бұл іс- шарада жас ұрпақтың Отан алдындағы парызы, борышы туралы насихатталып, түрлі спорттық ойындар көрсетілді. Жас дарындар білімде ғана емес, әскери жаттығуларда да ептілік танытып, іс- шараға белсене қатысты.
Сол арқылы өздерінің елге қорған бола білу машықтарын танытты.
Жас ұрпақты патриотизмге баулыған бұл мазмұнды іс- шара жоғары деңгейде өтті. Қорытындылау сәтінде шәкірттерге арнайы марапаттар табысталды.
Азат еліміздің болашағы- Отансүйгіш жастар. Қайсар рухты, жігерлі білімді ұрпақ қана көк туды тік ұстайтыны анық.
Ендеше, Отан алдында борышын өтуге әрдайым дайын болуды көздеген жастарымызды мақтан тұтамыз!
Іс -шараға ұйытқы болған дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық пән бірлестігіне шығармашылық табыс тілеп, алғыс білдіреміз!
Ел мүддесін көксеген жастарымыз көп болсын!
Жасай бер, тәуелсіз Қазақстаным!
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/366-men-skerde-yzmet-etuge-dajynmyn.html#sigFreeId0f4cefe50f






