Қазіргі қоғамда адам өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретін жұқпалардың бірі - АИТВ (адам иммун тапшылығы вирусы) инфекциясы. Осыған орай жастардың бұл індет туралы түсінігін кеңейтіп, оның алдын алу шараларын насихаттау мақсатында мектебімізде «АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп - интернаты» КММ - нің ДТІЖО Нұрмағанбетов Нұрлыбек, әлеуметтік педагогы Байбосынова Лаззат, педагог психолог Рахимова Бибігүл, Түркістан облыстық ҚДБ - нің "Облыстық ЖИТС - тің алдын алу және онымен күресу орталығы"МКҚК Жетісай қаласы бөлімшесінің эпидемиолог Жаксылыков Изихан Тулешевич, педиатр, терапевт дәрігері Тажен Гулназ, мейірбике Шериева Гульзат апай мектеп - интернатында оқитын оқушыларымен біргелікте, кездесу сағаты өткізілді. Кездесу барысында маман АИТВ мен ЖИТС ұғымының айырмашылығы, таралу жолдары, жұғу мен жұқпау жағдайлары туралы кеңінен түсіндіріп өтті.Оқушыларға қорғану жолдары мен жеке жауапкершілік жайлы нақты мысалдар келтіріліп, сақтық шаралары таныстырылды.Сұрақ - жауап барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарға мамандардан жауап алды. Тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.Мұндай шаралар жастар арасында аурудың алдын алуға және ақпараттық сауаттылықты арттыруға үлкен үлес қосады.
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/360-zhits-asyr-derti.html#sigFreeId819be46f77






