ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС. Ұстаз – өскелең ұрпақтың тәрбиешісі, болашақтың бағдаршамы. Сіздер арқылы біз үлкен өмірге жол аштық. Әрбір берген біліміңіз, көрсеткен қамқорлығыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және шәкірттеріңіздің биік белестерге жетуін тілейміз.

«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-сінде «Ұстаздарға мың алғыс» тақырыбында 10 «Б» сынып тәрбиешісі Мырзасейітова Фариза, сынып жетекшісі Рахимова Бибігүл сынып оқушыларымен бірге мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік іс-шараны ДТІЖО Нұрмағанбетов Нурлыбек Ахметжанұлы бастап, ашып берді. Сонымен қатар кеш қонақтары: Аудандық ардагерлер алқасының мүшесі Жұмабаев Мұғалбек Жұмабайұлы ақ жарма ақ тілктерін білдірді.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған бұл іс-шарада ән мен жырдан шашу шашып, мың бұрала билеген бишілер, «Ұстаз – ұлы тұлға» деп, жырлаған рухты ақындар, сахналық қойылымдар , көрермендерді тәнтті етті.

Мамандық көп. Бірақ мамандықтың түрлі болғаны маңызды емес, қанша мамандық болса да сізді маман қылатын тағы да ұстаз. Мейлі сіз ғалым болыңыз, жұлдыз, тіпті беделді азамат, президент болып кетсеңіз де сізді осы өмірге жетелеген, осы шыңға жетуге себепші болған ұстазды ұмытуға қақыңыз жоқ. Оның еңбегін сыйлау, оған құрмет көрсету сол адамға деген сый-сияпат емес, сіздің тәрбиелі, тәлімді тұлға болғаныңыз. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, әрбір ісіңіз жеңіске жетіп жатса, оның артында ұстаздың бір тамшы болса да еңбегі барын есте сақтаңыз.

Атауы Жүктеу
1 Ұстаздар күні 10Б