Қазіргі қоғамда балалар мен жасөспірімдердің эмоциялық жағдайы мен психологиялық саулығы аса маңызды мәселе болып отыр. Жасөспірімдердің эмоционалдық сауаттылығын арттыру, өз сезімдерін дұрыс танып, басқаруға үйрету, ішкі күйді түсіну арқылы психологиялық саулықты нығайту , - Оқушы/жасөспірімнің эмоциясын тану қабілетін арттыру. Ішкі күйзелісті қауіпсіз шығару жолдарын үйрету. Эмпатияны, өзін-өзі түсінуді, сенімді қарым-қатынас орнатуды қалыптастыру мақсатында кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу апталығы аясында оқушыларға арналған психологиялық бағытта «Жетісай ауданының «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А. Нұрмағанбетов, Әлеуметтік педагог Байбосынова Лаззат Абдіманапқызы, педагог психолог Рахимова Бибігүл Сапарқызының ұйымдастыруымен іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында түрлі жаттығулар мен психологиялық ойындар арқылы балалардың өз сезімін ашық жеткізуге, өзгелерді тыңдауға, бір-біріне қолдау көрсетуге үйретілді. Сонымен қатар, өмірдің әр сәтін бағалай білу, өз құндылығын сезіну, жақындарымен байланыс орнату дағдыларына ерекше көңіл бөлінді. Қорытындысында, оқушылар эмоцияларын дұрыс танудың өмірлік маңызы бар екенін ұғынды. Шара жасөспірімдерге психологиялық сауаттылықты арттырып қана қоймай, өзіне деген сенімділікті нығайтуға, мейірімді орта қалыптастыруға ықпал етті.

Атауы Жүктеу
1  17.09.2025 ж апталық жоспары