Міне, дәл осындай тақырыппен тағы бір жаңа 2025 - 2026 оқу жылы бастау алды.
“Мектеп деген - білім күні, жыр күні!
Мектеп деген - ғылымның ең үлкені!” демекші, расында, мектеп - білім мен тәрбиенің, ізгіліктің іргесін қалайтын мейірбан орта.
“Жетісай ауданының мамандандырылған “ Дарын” мектеп - интернаты” КММ - де 2025 - 2026 оқу жылының басталуына арналған «Мектебім - мейірім мекені” деген тақырыпта салтанатты жиын және “Менің Отаным - Қазақстан!” атты салтанатты іс - шара өткізілді.
Мерекелік жиынға ата - аналар , сонымен қатар
Мақтарал аудандық мәслихат депутаты Молдабеков Сәбит Сейдуллаұлы, Жетісай аудандық білім бөлімінің әдіскері Балхибаева Нұрбақыт Асилбекқызы қонаққа келді.
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке - Білім күнімен құттықтаймыз!
Биылғы оқу жылында 75 оқушы 7 - сыныпқа қабылданды. Қадамдары құтты болсын!
Білім күні –тек мектеп мерекесі емес, ол – елдің ертеңіне бастайтын ұлы жолдың алғашқы қадамы. Осы жол баршамызға сәттілік, шабыт, береке әкелсін!
Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін! Оқуда да, еңбекте де алда болайық! Мереке құтты болсын!
Құрметпен: білім беру ісінің үздігі, “Ы. Алтынсарин” төсбелгісінің иегері Алиев Көбейбек Әмірбекұлы
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Алғашқы қоңырау 2 қыркуйек 2025 - 2026 | |
https://zhetysai-daryn.kz/kz/t-rbie-zh-mystary/343-mektebim-mejirim-mekeni.html#sigFreeIdc8ef94e6dd






